БІЛІМ
Биылдан бастап докторантураға түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
Докторантураға түсу емтиханын тапсырсуға өтініш беру 1 қарашада басталған еді. Тіркелу 18 қарашаға дейін жүргізіледі. Емтиханға тапсыру құны – 15 804 теңге. Ол 5-11 желтоқсан аралығында өтеді.
Тіркелу барысында талапкер тестілеудің орнын өзі таңдайды. 29 қарашада жеке кабинетіне тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат келеді. Емтихан тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына қатысты мәліметтерді тек 18 қарашаға дейін өзгертуге болады.
Айта кетейік, 2022 жылы ережелерді бұзғаны үшін емтиханға жіберілмеген, сондай-ақ нәтижелері жойылған талапкерлер қайта докторантураға түсу емтиханына қатыса алмайды. Ал 4-20 тамыз аралығында тапсырылған емтихан сертификаты 1 желтоқсанға дейін жарамды.
Докторантураға арналған білім беру гранттарының тізімін осы жерден жүктеп алуға болады.