Bugin

«Азық-түлік үшін әйелін сатқан»: Адам саудасына қатысты құпия деректер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемде адам саудасы жылдан жылға өршіп барады. Ал Қазақстанда аталмыш проблема бойынша жыл сайын 100-ден аса факт тіркелген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2019 жыл – 182, 2020 жыл – 111, 2021 жыл – 103 және 2022 жылдың қазан айына дейін 79 адам саудасына қатысты оқиға болған. Bugin.kz порталы тәні саудаға түскен қилы тағдыр иелерінің жан түршігерлік әңгімелерін ұсынады.

Саудадан құлдыққа дейінгі өмір

Ленгерлік Ботагөз есімді келіншектің оқиғасы кей қазақстандықтардың басынан өткен. 18 жастағы бойжеткен мектеп бітірген соң, саудамен айналысқысы келеді. Алайда елде ісі оңға баспай, таныс әйелдің айтуымен, Мәскеуге жұмыс істеуге жолға шығады. Тіпті пойызға мінбес бұрын құжаттары мен телефонын алып қалғанынан да күдіктенбейді. Жеткен соң, Ботагөзді танысының күйеуі күтіп алады. Дүкенге барып, істің мән-жайына көз жеткізгеннен кейін ғана өзінің қомақты қаржы табатын сауда әлеміне емес, құлдық өмірге тап болғанын түсінеді. 5 жыл бойы дүкеннен шықпай, қамауда болады. Содан кейін қашып шығудың мүмкіндігі болып, елге оралады. Бүгінде құлдық өмір кезеңі артта қалса да,  Ботагөздің жан жарасы жазылмаған.

Пандемияның арқасында вьетнамдық құл тұтқыннан құтылды. Ха Тхи Чин 90-шы жылдардың басында ұрланған. 12 жасында оны Қытайға апарып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етті. Қыз бірнеше рет қашып кетуге тырысты, бірақ оны ұстап алды. Өткен жылы құлдық ұстаған жерасты жезөкшелер үйінің күзетшілері коронавируспен ауырды. Бұл Хахидің отанына оралуына көмектесті.

Азық-түлікке сатылған әйелдер

Ғасырлар бойы араб әлемінде әйелдер толықтай ерлердің дегеніне көнді, оларға бағынышты болды. Бұл қоғамда қыз-келіншектер меншік деп санады . Тіпті қажет болған жағдайда сатылып та кетті.

Араб әскери қолбасшысы Салах ад-Дин Иорданиядағы Шобак бекінісін алу үшін шамамен екі жыл уақыт жұммсаған. Барлық керек-жарақтары таусылған кезде ғана бекіністі қорғаушылар жеңілісін мойындайды. Жарқын өмірден үміт үзгендері соншалық, олар тіпті азық-түлік алу үшін әйелдерін құлдыққа сатты деген де деректер бар.

30 жыл құлдық

Пандемияның кей адамдардың өміріне пайдасы да тиді. Соның бір мысалы – Ха Тхи Чин есімді вьетнамдық күңнің оқиғасы. Оны 90-шы жылдардың басында ұрлап кетеді. 12 жасында Қытайға апарып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейді. Қыз бірнеше рет қашып кетуге тырысқанымен, оны ұстап алады. 2020 жылы Ха Тхи Чинді құлдыққа ұстаған жерасты жезөкшелер үйінің күзетшілері коронавируспен ауырады. Бұл жағдай Ха Тхи Чиннің өз еліне оралуына көмектеседі.

Неке мен қарыз

Африкада кей ата-аналар қарыздарын өтеу үшін қыздарын бес жасынан бастап күштеп үйлендіреді. Мұндай әйелдерді олар адам деп есептемейді. Ең сорақысы, жұбайы одан жалыққан кезде, жаңа иесіне сатып жібереді.

Африкадағы ақша үшін алынған әйелдер жануарлардан да нашар өмір сүреді. Лас жұмыс істейді, ұрып-соғып, зорлайды. Егер балалар дүниеге келсе, әкелері мойындамай, сырт айналады.

Адвокат Канди Офистің айтуынша, Ал мемлекетте бұл заңды түрде құлдық болып саналмайды. Өйткені қожайындар құлдармен ресми неке жасайды деп есептеледі.