Bugin
Сенаттың жалпы отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов банктердің несие бөлу көлемі алдағы 5 жылда 65 пайызға артатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша, мемлекеттік қолдау жұмыстарына тоқталсақ, келесі жылы биылмен салыстырғанда нақты секторды қолдауға жұмсалатын шығыстардың біршама азаюы болады. Бұған нақты секторды қолдауға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін жергілікті бюджеттерге шамамен жарты триллион теңге аударуымыз себеп болып отыр.
«Бұл ретте Үкімет жыл сайын бюджеттерді қалыптастыру барысында нақты секторды қолдау шараларын қаржыландыруды ұлғайтып, оны жалпы ішкі өнімнің 3-3,5 пайызынан кем емес деңгейде ұстап тұратын болады.
Экономикаға несие бөлу туралы айтатын болсақ, макроэкономикалық жағдайдың тұрақтануына қарай банктердің несие бөлу көлемін биылғы 22 триллион теңгеден 2027 жылға қарай 36 триллион теңгеге дейін, яғни бес жыл ішінде 65 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр», - деді ол.