Bugin

Алматыда полицейлер көпірден секірмекші болған қызды құтқарып қалды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы полицейлері көпірден секірмекші болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін таңертең қыздың әрекетін көріп қалған адамдар «102»-ге қоңырау шалған. «Буран-183» патрульдік экипажы дереу іске кіріскен.

«Сағат 06:57-де көпірден адамның секірейін деп тұрғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына дереу жеткенде, дерек расталды. Қыздың көпірден секіргісі келіп тұрғанын көрдік. Біз оның қолынан ұстап қалдық. Ол шок күйінде болды. Алайда кейінірек пойызды күтіп тұрғанын түсіндірді. Айтуынша, пойыздың астына секіріп, өз-өзіне қол жұмсағысы келген. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақырылды», - деді Наурыз Дәнекеев.

 

Жетісу аудандық полиция басқармасында есін жиған қыз отбасындағы жанжалдан соң, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты. Мамандар оған психологиялық көмек көрсетті.