Әлем

Германиядағы босқындар: «Ресейліктер мен украиндықтардың бір лагердегі тағдыры»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Босқындар лагерінде тұратын ресейліктер мен украиндықтар елде болып жатқан соғыс салдарынан өз Отандарын тастап кетуге мәжбүр болған», деп хабарлайды Bugin.kz порталы DW Global Media Forum-ға сілтеме жасап.

Ең әйгілі Фридландтан (Friedland) басқа Германияда  Шығыс Еуропадан қоныс аударушы-этникалық немістерді қабылдау лагерлері бұрын әр федералды штатта бірнешеуден болған. Уақыт өте келе, қоныс аударып келушілер ағынының азаюына байланысты көптеген орындар жабылып қалды немесе әлемнің түкпір-түкпірінен босқындарды қабылдауға қайта даярланды. Мұндай мекендер қазір неміс тілінде - Aufnahmeeinrichtung für Asylbegehrende (AfA), яғни «Баспана іздеушілерді қабылдау орталығы» деп аталады. Әлемдік дағдарыстар немесе Сирияда немесе қазіргі Украинадағы қақтығыстарға байланысты босқындарды қабылдау пункттеріне келген босқындар көбеюде. Мұнда немістер, Ресей мен Украинадан келген босқындармен бірге Македония, Сербия, Тунис, Пәкістан, Марокко, Египет және Африка мен мұсылман елдерінен келгендер қоныстанған. Әр түрлі мәдениеттер мен діни көзқарастардағы адамдар тұрмыстық жағдайға байланысты, ортақ ас үй мен санитарлық бөлмелерді бірге қолданып, шағын бөлмелерде тіл табысуға тырысып жатады.

DW тілшілері Ресей мен Украинадан келген отбасылармен кездесті, олар бірнеше айдан бері Рейнланд-Пфальц федералды штатындағы Гермескайл қаласындағы (Aufnahmeeinrichtung für Asylbegehrende Hermeskeil) босқындарды қабылдау пунктіндегі жатақханалар мен контейнерлік үйлерге орналасқан.

Лагерьге келгендердің тарихы бір. Олардың барлығын бір ортақ нәрсе байланыстырады. Ол Ресейдің Украинаға қарсы соғысына байланысты өз Отандарын тастап кетуге мәжбүрлік.

Волгоградтан келген суретші: «Мен Сталинградта өмір сүргім келмес еді»

dw.com

dw.com

Волгоградтағы әйгілі орыс-неміс суретшісі Михаил Нейфельд өзінің туған жері туралы сөзбе-сөз былай дейді: «Мен 1949 жылы Ухтада ГУЛАГ жүйесінде дүниеге келдім, анам мен әкем еріксіз тұтқында болды».

Михаил-жер аударылған және қуғын-сүргінге ұшыраған ресейлік неміс әйелінің ұлы. Ресейде ол Строганов өнер мектебін бітіріп, өмір бойы суретші болды. Оның жұмысы Ресейдегі әртүрлі көрмелерде, соның ішінде Мәскеудегі неміс-Ресей үйінде де қойылған. Оның сөзінше, ол өзін сұранысқа ие дарынды суретші ретінде сезінді және Германияға кеткісі келмеді. Алайда елдегі жағдай нашарлай түскен. Оның туған қаласы Волгоградта 2006 жылы тіпті Сталин мұражайы да ашылған. Бұл ашылу қуғын-сүргінге ұшыраған немістердің балаларын қатты алаңдатқан.

73 жастағы Михаил Нейфельд: «Біздің қалаға Сталинград есімі қайтарылады деп ойлау мен үшін өте қорқынышты болды», - деп еске алады. Бірде ол тіпті   осы тақырып талқыланған кезде «Мәскеу жаңғырығы» радиостанциясына тікелей қоңырау шалып: «Мен Сталинградта қалай тұрамын? Менің басқа баратын жерім жоқ, бір жерге көшуге не ақшам да жоқ. Мен Сталин мұражайында болған жоқпын, әрине, бірақ әр дүңгіршекте оның портреттерінің тұруы жеткілікті. Ресейде сталинизм қайтып келсе не істеу керек?». Михаил Нейфельд Сталинге табынушылықтың оралуын Путин мен оның айналасындағылар бастағанына сенімді.

«Шынында да, Брежневтің және одан да көп Хрущевтің кезінде Сталинге ешкім ескерткіш қойған жоқ. Ал қазір бастама биліктің еркіне өтті.  Басқаша болуы мүмкін де емес еді. Өйткені біздің халқымыз: «билік нені қалайды, көпшілік соны жасайды деп есептейді», - дейді Волгоград суретшісі. Дәл осы сынды жағдай оның Германияға «кеш қоныс аударушы» ретінде кету туралы шешімін жеделдеткен.

Оған ұзақ күтуге тура келмеді. Себебі Германияға қабылдау туралы өтінішті 2021 жылдың күзінде берген, ал қабылдау туралы шешімді 2022 жылдың қаңтарында алды.

«Путин ақпан айында Украинаға қарсы соғыс бастағанда, біз құтқарылуымыз керек екенін түсіндік. Германияға сапар үшін әйелім екеуміз екі чемоданға сәйкес келетін заттарды жинадық, ал менің екі жүзге жуық картиналарым, құралдарым мен материалдарым контейнерге оралып, Нижний Новгородқа - жұбайымыздың туыстарына жіберуге тура келді», - деп еске алады Михаил Нейфельд.

Оның айтуынша, оларды Германияға апару мүмкін емес еді: экспортқа арналған суреттер арнайы сараптамадан өтуі керек және оларды өздерімен бірге алып кетуге рұқсат етілмейді.

«Менің бүгінгі көпжылдық шығармашылық өмірім төленуі тиіс бір контейнерде сақтаулы. Бірақ қандай ақшадан - әлі білмеймін», - деп шағымданады 77 жастағы суретші.

«Егде жастағы адамдар үшін бұл өмір емес»

Михаил Нейфельд әйелі Нинамен бірге төрт ай бойы босқындарды қабылдау лагерінде тұрып жатыр. Нейфельдтің жұбайлары бұл жерден қашан және қайда кететінінен хабарсыз. Олардың айтуынша, лагерьдегі тұрмыстық жағдай өте нашар. Жалпы дәретханалар мен душтарда антисанитария, лагерьде ұйымдастырылған тағамның сапасы да көп нәрсені талап етеді, ал ондаған отбасыларға арналған бірнеше электр плиталары бар ортақ ас үйде бірдеңе дайындау тіпті мүмкін емес.

«Егде жастағы адамдар үшін бұл өмір емес», - дейді Михаил Нейфельд.

«Бұл лагерьде негізінен босқындар тұрады. Мұнда ешкім этникалық немістермен айналыспайды. Зейнетақы алу үшін құжаттарды толтыруға көмектесетін қоныс аударушыларға арналған арнайы кеңесшілеріміз жоқ. Бізге «қалта ақшасымен» өмір сүруге тура келеді. Бір адамға айына - 136 Еуро. Бұл ақшаға сіз тек тамақтана аласыз, бірақ жалдамалы пәтер таба алмайсыз. Бізге, Құдайға шүкір, біз сияқты қоныс аударушы құжат толтыруға көмек береді. Ол өзі неміс төлқұжатын алған, неміс және орыс тілдерін білетін, бірақ әлі де осында тұруға мәжбүр», - дейді Элизабет.

«Ол бізге ғана емес, неміс тілінде сөйлей алмайтын Ресей мен Украинадан келген босқындарға да көмектеседі», - деп атап өтті суретші Нейфельд DW-ге берген сұхбатында.

«Мен соғысқа бармас үшін Ресейден қашып кеттім»

dw.com

dw.com

Виктор Исаев та Волгоградтан шыққан. Оны қалаға келгелі бері қуып келеді. Алдымен оған айыппұл тағайындалып, содан кейін қылмыстық қудалау басталған.

«Мен үш рет сот алдындағы камерада отырдым, ол жерден мені сотқа алып келді. Маған тіпті істермен танысуға рұқсат етілмеді, бірақ Құдайға шүкір, айыппұлдардан құтыла алдым. Бірде маған 400 сағат жұмыс уақыты тағайындалды. Осы жылдың шілде айының басында сот орындаушылары мен әскери комиссариат қызметкерлері келді. Мен әскерде болған кезімде зениттік-зымыран кешендерінің операторы болдым. Маған олар ешкіммен соғыспайтындығымды, бірақ екі жарым айға жуық осы қондырғыларды жөндеумен айналысуға тиіс екенімді айтты. Олар мені соғысқа жібергілері келетінін түсіндім», - дейді Виктор Исаев DW-ге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, іс төбелеспен аяқталды. Жаралы жүзімен және көгерген жерлерімен Виктор келесі күні қашып, Таупстегі ағасына жетіп үлгерген. Ол оған ұшақ билетін сатып әперіп, 7 шілдеде Виктор Анталия арқылы Майндағы Франкфуртқа ұшвп кеткен. Мұнда оны әпкесінің күйеуі күтіп алып, Германиядан саяси баспана сұрауға кеңес береді. «Мен неміс шенеуніктеріне бірнеше рет сұхбат бердім және шешімді екі жарым ай күттім. Кейбір ресейліктерге баспана беруден бас тартылды, сондықтан мені де осындай тағдыр күтіп тұр деп алаңдаймын. Маған Ресейге қайта оралу өте қауіпті. Қайтқан жағдайда олар мені сол жерде түрмеге жабады немесе бірден соғысқа жібереді. Менің өгей ағамды алимент бойынша қарызы болғандықтан ғана алып кетті. Оның артынан келіп: таңдаңыз - екі жыл түрмеде немесе балаларыңыздың қарызын өтеу үшін соғысқа ерікті түрде барасыз деп таңдау қойды. Ол, өкінішке орай, соғысты таңдады», - деп қатты күрсінді Виктор Исаев. Оның одан әрі тағдыры қалай болатыны әлі де белгісіз, бірақ ол: «Маған қолыма қару ұстаудың немесе аспанды темір тордан көрудің қажеті жоқ деп сенемін», - дейді.

«Біз Германияға пайдалы бола аламыз деп үміттенеміз»

dw.com

dw.com

Адеменконың отбасы - Евгений, Андрей және олардың жеті жасар қызы Маргарита - осы жылдың 23 наурызында, соғыс басталғаннан кейін бір айдан соң Мариупольден келген. Бір ай бойы отбасы жертөлелерде бомбалау мен оқ атудан қашып өмір сүрді.

«Біз басқыншылардың сүзгі лагерлерінен өтіп, осы тозақтан құтылдық», - деп еске алады Андрей.

31 тамызда Украинадан анасы мен қызы қауіпсіз Германияға көшіп үлгерді, көп ұзамай Андрейдің өзі де олардың қатарына қосылған.

Адеменконың жұбайлары Германияға уақытша баспана бергені үшін өте риза.

«Мен Мариупольде дүниеге келдім, бұл менің туған қалам. Ресейлік басқыншылардың оған жасаған әрекеті менің ақылыма сыймайды, қаламыз іс жүзінде жер бетінен жойылды. Біз әлі қайтып оралмаймыз», - дейді Евгения.

Жалпы, Адеменконың ерлі-зайыптыларының болашағы туралы ойлары өте бұлыңғыр. Олар үшін ең маңыздысы жеті жасар қызының қауіпсіз болуы. Оның балалық шағында бомбадан қираған үйлер, сиреналардың айқайы және ересектердің көз жасы мәңгі қалады.

«Соғыс қорқынышты және қызымыздың Ресейдің әскери күштерінің айуандығына куә болғанына өкінеміз», - деп атап өтті анасы Евгения.

Мариупольде Евгенийдің әкесі мен әжесі қалды, ал Андрей анасын бүгінгі күнге дейін таба алмай отыр.

Евгений мен Андрей өздерінің жоспарлары туралы былай дейді: «Егер Мариуполь қайтадан Украинаның қаласы болса, онда біз қайтып оралғымыз келеді. Германияда жағдайды нөлден бастау өте қиын. Алдымен сіз неміс тілін үйреніп, өміріңізді қаржыландыру үшін жұмысқа тұруыңыз керек», - дейді Евгения.

Андрей былай деп қосты: «Негізінде біз кез келген жұмысты орындауға дайынбыз, бастысы – өз тәуелсіздігіміз бен жәрдемақы алу. Мысалы, мен сантехник болып жұмыс істей аламын, менің Отанымда осы профиль бойынша өзімнің шағын фирмам болған. Ал әйелімнің сылақшы-суретші мамандығы бойынша білімі бар. Әрине, менің байқағанымдай, Германияда мұндай мамандықтар сұранысқа ие».

Алайда, Адеменконың жұбайлары әзірге олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ешкім кеңес бермегендігіне шағымданады.

«Біз Германияның еңбек заңнамасын білмейміз, біздің лагерьде орыс немесе украин тілді кеңесшілер жоқ. Біз мұнда 9 қазаннан бері тұрамыз және бұдан әрі не болатынын толық білмейміз де. Рас, бізге қараша айының ортасында бізді басқа жерге жіберетіні туралы хабарлады. Онда біздің неміс тілін үйренуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндігіміз болады деп үміттенеміз, ал қызымыз мектепке бара бастайды», - деп атап өтті DW-ге берген сұхбатында отбасының әкесі Андрей Адеменко.

Лагерьде әртүрлі елдерден, соның ішінде Ресейден келген босқындар тұрады. Украиналық босқындар олармен ортақ тіл таба ма, Украинадағы соғысқа байланысты бір-біріне дұшпандық қарым-қатынас жоқ па?

«Осы уақыт ішінде біз ешқашан бізге деген дұшпандық көзқарасқа тап болған емеспіз. Біз өзіміз ресейліктерге және жалпы басқа ұлт өкілдеріне жаман қарамаймыз. Біздің қызымыз Ресей, Македония және мұсылман елдерінің балаларымен лагерьде бірге ойнайды. Балалар ортақ тілді тез табады және бұл бізді қуантады. Ресейден мұнда тек неміс иммигранттары ғана емес, сонымен бірге Украинаға қарсы соғысқа барғысы келмейтін босқындар да бар. Олар бізге, осы соғыстан қашуға мәжбүр болған украиндарға қарсы дұшпандық таныта алмайды», - деп атап өтті Евгений.

Ал оның күйеуі Андрей былай деп қосты: «Германияда біздің өміріміз қалай болатынын білмеймін, бірақ әзірге бізге дұшпандық қарым-қатынасты сезінген жоқпыз. Жақында біз өзіміз жеке өмір сүре аламыз деп үміттенеміз, сондықтан біз неміс мемлекетінің мойнында отырмай, оған пайда әкелгіміз келеді».

Сымбат НАУХАН