Технология
Биыл Қазақстан БҰҰ мониторингіне енгізілген 193 елдің ішінде электронды үкіметті дамыту бойынша 28-ші орынға тұрақтады. Өткен жылы 29-шы орынға шыққан. Елдің индексі (E-Government Development Index, EGDI) 0,86 тармақты құрады. Бұл ТМД және Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш саналады. Сонымен қатар Қазақстан Ирландия, Канада, Италия, Бельгия, Чехия және т.б. сияқты дамыған елдерден айтарлықтай алдыңғы орында. Бұл туралы Finprom агенттігі жазды.
EGDI электрондық үкіметтің үш маңызды аспектісінің жиынтық өлшемі болып табылады. Мұның ішіне онлайн қызметтерді жеткізу, телекоммуникациялар және адами әлеует кіреді. Елдің веб-сайтының даму үлгілерін бағалаумен қатар, индекс қолжетімділікті жақсарту үшін ақпараттық технологияларды қалай пайдаланатынын талдау арқылы инфрақұрылым және білім деңгейі секілді маңызды қолжетімділік сипаттамаларын қамтиды.
Сонымен қатар, E-Participation Index (EPI) рейтингінде Қазақстан 15-ші орынға ие болды. Бұл әлемдегі ең күшті көрсеткіштердің бірі саналады. EPI индексі EGDI-ны толықтырады және азаматтардың сұрауы бар немесе онсыз ашық ақпаратқа қол жеткізуін, мемлекеттік саясаттар мен қызметтерді талқылауға қатысуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ саяси қызметтер және олардың жеткізілуі туралы бірлескен электронды шешімдер қабылдау арқылы халықтың мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік жасайды.
Мұндай оң көрсеткіштерге тңкелей үкіметтің ұсынған бастамалары әсер етіп отыр. Мәселен, елімізде 10 мемлекеттік қызметтің 9-ы цифрландырылған. Бүгінде оны Egov.kz порталында онлайн немесе сәйкес қосымша арқылы алуға болады. Одан бөлек, зейнетақы активтерін Enpf.kz жүйесі арқылы басқаруға болады. Ал Damumed электронды емхана қызметі арқылы қажетті қызметті ала алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Қазақстан Республикасындағы 6 мен 74 жас аралығындағы интернетті пайдаланушылардың (ұялы байланыстарды қоса алғанда) үлесі 92,9%-ды құраған болатын. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға жоғары. Сонымен қатар, рельефтегі үзіліс айтарлықтай қысқарды. Мәселен, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 2020 жылғы 85,5%-дан 2021 жылы 90,7%-ға, ал қалалық жерлерде 90,1%-дан 94,4%-ға дейін өскенін байқаймыз. Бұл қала мен ауыл арасындағы алшақтықты 4,6 пайыздан 3,7 пайыздық тармаққа дейін қысқартты.
Ағымдағы жылдың тамыз айында Speedtest Global Index деректері бойынша Қазақстандағы мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 22,1 Мб/с құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 11,4%-ға жоғары. Көрші ел Ресейде бұл көрсеткіш 21,2 Мб/с құраса, Қырғызстанда 20,2 Мб/с, Өзбекстанда 15,1 Мб/с, Тәжікстанда (7,8 Мб/с) жылдамдығын құраған. Осылайша Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдері Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан Республикасынан кейінгі орынға жайғасқан.
Сонымен қатар, цифрлық эволюция бойынша 90 ірі экономиканың Digital Intelligence Index рейтингінде Қазақстан цифрландырудың даму жылдамдығы бойынша 20-шы орынға ие болды. Қазақстан Республикасы цифрлық әл-ауқатты одан әрі дамыту бойынша ең перспективалы елдердің қатарына енді. Сондай-ақ DSGI 2021 цифрлық дағдылары бойынша 134 елдің рейтингінде Қазақстан 43-орынға ие болды. Бұл елдегі цифрлық технологиялардың сенімділігінің, тұрақтылығының және тиімділігінің айтарлықтай жоғары деңгейін көрсетеді.