МӘДЕНИЕТ
Кино тарихында әлемнің кейбір елдерінде көруге тыйым салынған фильмдер аз емес. Көбінесе олардың цензурадан өтпеуіне зорлық-зомбылық сценаларының тым көп болуы себеп болады. Bugin.kz порталы көруге тыйым салынған ең танымал фильмдерді еске түсіруді ұсынады. Бірақ жүйке жүйеңіз әлсіз болса, бірден тамашалауға асықпаңыз.
Бұрамалы апельсин, 1971 ж.
Физикалы және моральды зорлық-зомбылықтың сұмдық көріністеріне байланысты фильм Бразилия, Ирландия, Оңтүстік Африка, Малайзия, Оңтүстік Корея және Ұлыбританияда көруге тыйым салынған.
Фильм сюжетінде кісі өлтіріп, зорлаумен айналысатын жасөспірім тобының мейірімсіз жетекшісі түрмеге жабылып, зорлық-зомбылыққа деген бейсаналы құштарлықты басу үшін арнайы емдеуден өтеді. Бірақ «қатыгездікті түзету» үшін қабылданған шаралардың еш әсері болмайды.
Каннибалдар, 1981 ж.
Майк - қылмыскер және садист. Джунгли заңы бойынша өмір сүретін қоғамда оның орны жоқ. Бірақ ол өмір сүретін Джунгли біз білмейтін қорқынышты нәрселерге толы еді.
Қызықты факт: «Каннибалдар» Гиннестің рекордтар кітабына кинематография тарихындағы ең көп елдерде (31) тыйым салынған кинокартина ретінде ресми түрде енгізілген.
Код да Винчи, 2006 ж.
Гарвард профессоры Роберт Лэнгдон ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінеді. Лэнгдон Париж полициясының криптографы Софи Невемен кездесіп, онымен бірге католик шіркеуінің күшіне нұқсан келтіруі мүмкін құпияны ашу үшін жұмыс істейді.
Бұл танымал романның желісімен түсірілген фильмге тыйым салу себебі діни сенімдермен байланысты. Кинокартина Египет, Иордания, Ливан және Пәкістан сияқты мемлекеттерде көрсетілмейді.
Үй. Саяхат тарихы, 2009 ж.
Фильм бізге планетаның сұлулығын және адамдардың қиратқанының салдарын көрсетеді. Өнеркәсіп өндірісінің Жер планетасына салған жазылмайтын тыртықтары, соғыстардың салдары, экология апаттары көрерменге планетадағы нақты проблеманы көрсетеді.
Бұл деректі фильм 36 елде көруге тыйым салынған. Себебі кейбір елдердің билігі бұл фильм көптеген «әсерлі» көрерменді түрлі әрекетке итермелеуі мүмкін деп қорқады.