Қоғам

Баласын қамауда ұстаған ата-анаға қатысты тергеу жұмысы басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көкшетауда отбасынан қорлық көрген бес жасар баланың ата-анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетауда жантүршігерлік жағдайда табылған бес жасар баланың ата-анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 18 қарашада Көкшетау қаласының полиция бөліміне Астана қаласының 34 жастағы тұрғынынан арыз түскен.

«Әйелдің туысы облыс орталығының 37 жастағы тұрғынының бала тәрбиесімен айналыспай отырғанын айтып хабарласты. Арызданушының айтуынша, туысының отбасында 2017 жылы дүниеге келген бала азып-тозып кеткен. Тексеру тексеру барысында аталған дерек расталды» делінген ПД хабарламасында.

Осы жайттан кейін бала ауруханаға жатқызылған.

«Аталмыш дерек бойынша полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде сот-медицина сараптамасын жүргізіліп жатыр.