Әлем

Жапония Украинаның энергетика саласына қолдау көрсетеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинаға шұғыл көмек көрсету аясында Токио Киевке құны 2,5 миллион доллардан асатын күннен қуат алатын шамдар мен генераторлар жібереді. Бұл туралы Жапония сыртқы істер министрі Есимаса Хаяси мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Украинаға генераторлар мен күннен қуат алатын шамдар түрінде шамамен 2,57 миллион доллар көлемінде шұғыл қаржылық көмек жіберу туралы шешім қабылданды», - деді Сыртқы істер министрі.

Ол ресейлік зымырандық шабуылдардан келтірілген елеулі шығын аясында Украинаның энергетикалық секторына қолдау қажет екенін атап өтті.