Әлем

Зеленский Тоқаевқа қатысты жазба жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина басшысы Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісіне жазды.

«Телефон арқылы сөйлесу кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс сайлаудағы жеңісімен құттықтадым. Екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға ниетті екенімді білдірдім», - деп жазды Зеленский Twitter-де.

Сонымен қатар ол Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғысын білдіргенін жазды.