Спорт

ӘЧ: Сауд Арабиясы құрамасындағы жарақат алған футболшының жағдайы қалай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жылғы Қатардағы әлем кубогында Аргентина құрамасымен ойын кезінде Сауд Арабиясы құрамасының қорғаушысы Ясир Әл-Шахрани ауыр жарақат алды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оның жақ сүйегі мен бетінің бірнеше сүйегіі сынған. Сауд Арабиясының билігі ойыншыға Германияға ұшу үшін жеке ұшақ берді және оған операция жасалады.

Сауд Арабиясының қақпашысы Мұхаммед әл-Увайс ойын барысында Ясир Әл-Шахранидің басына тізесімен келіп соққан. Қорғаушы көгалға құлады. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, ойыншыны зембілмен алып кетті.

Еске салсақ, топтың С матчының өзі Сауд Арабиясының сенсациялы жеңісімен аяқталған (2:1).