Әлем

АҚШ-та атыс болып, 10-ға жуық адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Вирджиния штаты Чесапик қаласындағы Walmart дүкенінде белгісіз адам оқ атты. Бұл туралы ТАСС агенттігі ABC телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлады. 

Агенттіктің хабарлауынша, қаскүнем көз жұмған болуы мүмкін. Құқық қорғау органдары қаза тапқан және жараланған адамдар  туралы бірнеше хабарлама алғанын айтты. Қазіргі уақытта құрбандардың нақты саны туралы дерек жоқ.

Сонымен бірге қаза тапқандар саны 10 адамнан аспайтыны айтылды.

Атыс туралы хабарлама құқық қорғау органдарына жергілікті уақыт бойынша сағат 22:12-де келген.