Әлем

Әлемдегі ең қауіпті террористік 5 ұйым

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Террорлық әрекеттер – мыңдаған қарапайым азаматтың өмірін жалмайтын, бүкіл елді үркітетін жарылыстар мен қауіпті қозғалыстар. Экстремизм - жекелеген адамдардың, топ азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына қарсы бағытталған шетін көзқарастар мен іс-әрекетке бару. Жалпы әлемде 500-ге жуық террористік және экстремистік діни топ тіркелген. Bugin.kz порталы әлемдегі ең қауіпті 5 террорлық ұйымды назарларыңызға ұсынады.

5. Хезболла

Әлем аренасында ең қауіпті террористік қозғалыс – Хезболла. Араб тілінен аударғанда, «Құдайдың партиясы» деген ұғымды білдіреді. Соңғы уақытта әскериленген бұл топ халықаралық лаңкестік ұйымдар арасында мәртебесінен айырылып, тек мұсылман елдерінде қозғалыстарын жасап жүр. «Құдайдың партиясы» аталатын ұйым 1982 жылы Израильдің Ливанның оңтүстігін басып алуына наразылық ретінде құрылған. Бұл топ көптеген лаңкестік ұйымдармен байланыс жасайды. Сондай-ақ Ливан мен Израильдегі елшіліктерді бомбалап, адамдарды кепілге алып және жазықсыз адамдарды өлтірумен айналысып ерекше көзге түскен.

4. Боко Харам

Аса жауыз террористік ұйым ретінде танылған топтың бірі - «Боко Харам». Ол Батыс Африкада орналасқан және «Әл-Каидамен» тығыз байланыс жасайды. Барлық лаңкестік ұйымдар сияқты аталмыш топ өкілдері адам ұрлап, ғимараттарға жарылыс жасайды. Жазықсыз бейбіт тұрғындарды өлтіріп, шариғат заңдарын насихаттаумен айналысады. Топтың атауы да араб тілінен аударғанда «Батыс білімі күнә» дегендей мағынаны білдіреді.

Ұйымның негізін қалаушы - Мұхаммед Юсуф. Ол – 2009-2014 жылдар аралығында 200 нигериялық оқушы қызды ұрлап, 5000-нан аса адамды өлтіруге тікелей қатысы бар қатыгез қозғалыстың басшысы.

3. Талибан

Әлемдегі террористік қозғалыста танымал болған аса қауіпті қозғалыстың үштігіне енген – Талибан. «Талибан» қозғалысын 1994 жылы Молла Мұхаммед Омар құрған. Өз уақытында ол Ауғанстандағы КСРО-ға қарсы соғыста АҚШ-пен бірлесе жұмыс жасаған. 1996-2001 жылдар аралығында ұйым жетекшісі Ауғанстан үкіметін басқарды. 

Бүгінгі таңда Талибан - әлемдегі ең қатыгез террористік ұйымдардың бірі. Бұл топ адам саудасынан, есірткіден және бопсалаудан түскен ақшаға құрылған.  Ұйым белсенділері жиһад үшін бейбіт тұрғындарды қырған, ал елде бұрын-соңды мұндай көп адам кісі қолынан қаза таппаған екен. Есте қаларлық қанды қылмыстарының бірі – Пәкістан мектебіндегі 120-дан аса оқушы мен мұғалім қаза тапқан жан түршігерлік шабуыл. Өкінішке қарай бұл ұйым адамзатқа қарсы іс-қимыл және әйелдерді зорлау сияқты ауыр қылмыстармен танымал.

2. Ирак және Левант Ислам мемлекеті

Ең қатыгез топтардың бірі есептелетін үлкен ұйым Иракта, Сирияда, Палестинада және Таяу Шығыстың басым бөлігінде әрекет етеді.  Экстремистік сунниттік топ Оңтүстік Азияда, Нигерия мен Ливияда жұмыс істейтін бірнеше ұйымнан тұрады. Оның өкілдері көптеген мұсылман елінің исламшыл үкіметтерінің құрамына кіреді. ИЛИМ тобының бүкіл әлем бойынша 80 000-нан астам мүшесі бар. Топ тіпті балаларға қатысты жантүршігерлік қатыгездікпен танымал. Ұйым белсенділері жазықсыз адамдарды өлтірумен қатар, жыныстық зорлық-зомбылық жасап, бейбіт тұрғындарға физикалық қысым көрсетеді.

1.Әл-Қаида

Жер тұрғындарының бейбіт өміріне басты қауіп төндіретін ең қатыгез қылмыстық топ «Әл-Қайда» 1980 жылдардың соңында құрылған. Лаңкестік топтың басты мақсаты – дүние жүзіндегі барлық мұсылманды жиһад аясында біріктіру және шариғат заңдарын уағыздау.  Ұйымның негізін қалаушы Усама бен Ладен болды. Олар 2011 жылы «Копье Нетуна» аталатын АҚШ операциясында қолға түсіп, көз жұмды.

Әлем тарихындағы қанды оқиға 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та болды. «Әл-Қаиданың» қолынан 3000 адам қаза тапқан. Топ белсенділері христиан дінін ұстанатындар мен америкалықтардың ең көп жиналатын жерінде өзін-өзі жарып жіберу арқылы адам өлімін көбейтуден тайсалмайды.