Bugin

Тоқаев Украинаға қатысты қақтығысты шешудің бейбіт жолын іздеуге шақырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еревандағы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жанжалды реттеудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Украинаға келетін болсақ, мен бейбітшілік формуласын ұжыммен бірлесе іздеудің уақыты келді деп есептеймін. Кез келген соғыс бейбіт келіссөздермен аяқталады. Тым болмаса, бітімге қол жеткізу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану керек. Ыстамбұлдағы келіссөздердің раунды үміт берген еді. Бірақ әртүрлі себептермен ол келісім «бұзылды». Біз бауырлас орыс және украин халықтарының ондаған немесе жүздеген жыл бойы бір-біріне жазылмаған реніштерімен екі тарапқа бөлінуіне жол бере алмаймыз», - деп есептейді Тоқаев.

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинадағы жағдай бойынша бейбіт келіссөздерді бастауға шақырған. Оның ойынша, елдегі қантөгісті тоқтату керек.