Bugin

Есік маңында ірі жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сәрсенбі күні түсте Есік маңында болған жол апатынан төрт адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 23 қарашада сағат 15:00 шамасында болған.

«Алматы-Кеген-ТЮП» тас жолының екінші шақырымында Toyota автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mitsubishi көлігімен соқтығысқан. Toyota жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сол уақытта Mitsubishi көлігіндегі төрт азамат түрлі дене жарақатын алып, Есік қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді» делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.