Bugin

«10 жыл құлдықта болған»: полицейлер желіде көмек сұраған адамды тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жетісу полицейлері әлеуметтік желілерде көп жыл еңбек құлдығында болғанын мәлімдеген ер адамды іздеп тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

22 қарашада әлеуметтік желілерде ер адамның бейнехабарламасы шыққан. Ол соңғы 10 жыл ішінде Қаратал ауданындағы шаруа қожалық иесінің құлдығында болғанын мәлімдеді. Полицейлер видеоның авторы Үштөбе қаласының 44 жастағы тұрғынын іздеп тапты.

«Қазір ер адамның өтініші ресми түрде тіркелді. Оған қатысы бар барлық адамнан - шаруа қожалығының иесінен, оның қызметкерлерінен, сондай-ақ жәбірленушінің туыстарынан түсініктеме алынды. Құжаттарды заңсыз алу фактісі бойынша тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс аясында өтініш берушінің еңбекті пайдалануы туралы келтірген дәлелдері де тексеріліп жатыр. Ер адам мен оның қызына көмек көрсетілуде. Тергеу барысында  ол Талдықорған өңірлік «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұсынған тұрғын үймен, киіммен және тамақпен қамтамасыз етілген. Іс бойынша барлық тергеу әрекеттері облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды», - деді  облыстық ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Ер адам оның отбасы мүшелерінің құжаттарын жұмыс беруші заңсыз иемденгенін айтады.