Әлем

Кремль Украинаға қатысты мақсатынан бас тартқан жоқ - ISW

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кремль Украинадағы бақылауды қалпына келтіру жөніндегі өзінің максималистік мақсатынан бас тартқан жоқ. Керісінше, Батыс елдерін адастырып, бейбітшілікті талап етуге Украинаны мәжбүрлеу үшін Ресейдің мақсатын ішінара жасырды. Бұл туралы америкалық соғысты зерттеу институтының (ISW) баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ресей президентінің «оң қолы» Дмитрий Песков 21 қарашада Украинадағы қазіргі үкіметті ауыстыру Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінің мақсаты емес екенін айтты. Сонымен қатар Путиннің «бұл туралы бұрыннан айтқанын» атап өтті. 26 қазанда агрессор мемлекет басшысы Украинаның егемендігінен айырылып, толығымен НАТО-ның бақылауына өткенін мәлімдеді. Ал 27 қазанда «Валдай» пікірсайыс клубында сөйлеген сөзінде Ресей президенті тағы да Украинаның егемендігін жоққа шығарып, «Украинаны Ресей құрғанын» және «Украина егемендігінің жалғыз нақты кепілі тек Ресей Федерациясы ғана» бола алатынын атап өтті.

Путин сондай-ақ Украинаны нацистік мемлекет, олардың қарулы күштерінің көзін жою керек деген пікірін дәйекті түрде қолдап келеді.

«Песковтың Путиннің осы пікірлеріне сілтеме жасауы Ресейдің өз мақсаттарынан елеулі түрде ауытқуы мүмкін екеніне күмән туғызады. Кремльдің мақсатын жасыру үшін Батыс аудиториясына арнап айтылған бұл сөздері ресейлік соғысты жақтаушыларды шатастырады», - дейді сарапшылар.

ISW Песковтың мәлімдемесі Ресей Федерациясы Федкеңесінің вице-спикері Константин Косачевтің «Ресей Киевпен қарым-қатынасын Украина үкіметі капитуляциядан кейін ғана қалыпқа келтіре алады» деген мәлімдемелерінің салдарын жеңілдетуге бағытталған болуы мүмкін деп болжайды.

Қарама-қарсы екі мәлімдеме соғысты жақтаушыларды таң қалдырды. Песковтың мәлімдемесіне жауап ретінде «Вагнер тобына» қатысы бар блогер Ресейдің нақты мақсаты жоқ, мақсатсыз соғыс жүргізіп жатыр деп мысқылмен айтты.

ISW Кремльдің «Кремль шенеуніктері мен үгітшілері - нацистер және әскери қылмыскерлер» деп атаған Мариупольдегі украиндық әскери тұтқындарды айырбастау шешіміне Кремльдің осындай реакциясы туралы хабарлады.

Соғысты зерттеу институтының баяндамасында Путин Ресейдегі ұлтшыл қауымдастықтың қолдауына ие болу үшін сондай рухты  сөздер айтады делінген. Сондай-ақ елдің қалған бөлігінің қолдауын сақтау үшін біршама қалыпты сөйлеп, екі араны ұстауға тырысады.

Ресей 2014 жылы Қырымды басып алып, Донецк пен Луганск облыстарында да соғыс ашты.

24 ақпанда Ресей Федерациясы Украинаға жаппай басып кірді. Ресей билігінің мақсаты Украинаны «демилитаризациялау» екенін мәлімдеді. Содан бері ресейлік әскерилер Украинаның азаматтық қалалары мен инфрақұрылымын үздіксіз атқылап келеді.

Қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Иван Варченко Ресейдің Донецк аймағын алу үшін Украинадағы міндеттерін тарылтып жатқанын айтты. 

«Әрине, Бахмут пен біздің Авдиевка, Краматорск Славянскпен бірге енді ресейлік режимнің басты мақсаты болады деп болжауға болады», - деді Варченко.