Өнім

Казинода 507 миллион теңгеге ұтылған шенеуніктер жауапқа тартыла ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

305 шенеуніктің казинода 507 миллион теңге шығынға ұшырауына қатысты Алматы облысының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазан айында БАҚ-та 305 қазақстандық шенеуніктің казиноға 507 млн теңге жұмсағаны туралы ақпарат жарияланған. Қаржы мониторингі агенттігі адам ресурстары департаментінің директоры Нұрлан Әдалиевтің сөзінше, агенттігінің екі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Шенеуніктердің құмар ойынға әуестену дерегі бойынша прокурорлар барлық мемлекеттік органдарда тергеу жүргізген.

«Егер біздің агенттікке ерекше тоқталатын болсақ, бұл тексерістің қорытындысы бойынша біздің бірқатар қызметкерлер анықталды. Барлық фактілер бойынша қызметтік тексерулер жүргізілді. Төрт қызметкер қызметтік тапсырмаларға байланысты казинода болған. Ал екі қызметкерге қатысты фактілер расталды, олар қызметтегі талаптарын толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Нұрлан Әдалиев.

Әдалиевтің айтуынша, қалған қызметкерлер тексеріске дейін қаржы мониторингі агенттігінен жұмыстан шығып кеткен.