Bugin
Жезқазғандағы әрбір бесінші үйдің тозығы жеткен, бұл туралы сенатор Советбек Медебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Депутаттың сөзінше, 34 тұрғын үй апатты жағдайда тұр. Ал жергілікті әкімдік қабылдаған шаралар арқылы мәселені жедел шешуге мүмкіндік жоқ.
«Белгілі болғандай, инвесторлар жаңадан құрылған облыстың тұрғын үй құрылысына әзірше қарқынды түрде инвестиция сала қоймады. Мәселені шешу жолдарының бірі – мұндай тұрғын үйдің иелеріне өтемақы төлеу. Бірақ оны заң бойынша төтенше жағдай болса немесе үй құласа ғана жасауға болады. Әділет министрлігі де тек осы кезде ғана төтенше жағдайды хабарлауды ұсынып отыр. Алайда ғимараттың құлау фактілерінің болмауына қарамастан, ескірген тұрғын үйлердің кез келген уақытта үлкен апатты жағдай болу қаупі жоғары екенін ескеру қажет. Себебі тиісті шаралар дер кезінде қабылданбаса, төтенше жағдай болуы әбден мүмкін», - деді депутат.
Айтуынша, егер бұл олардың жалғыз баспанасы болса, апатты жағдайдағы пәтерлердің иелеріне жекешелендіру құқығымен коммуналдық тұрғын үйді бірінші кезекте беру керек.