Әлем

Мекке қаласы маңын су басты: Қаза тапқандар бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауд Арабияның батысында орналасқан Джидда қаласында табиғи апат салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kaz.tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Үнемі аптап ыстық болатын елде толассыз жаңбыр мен қатты соққан жел тұрып, Джидда қаласын су басты.

«Қазіргі уақытта екі адам қаза тапқаны белгілі, тұрғындарға нақты бір себеп болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береміз» делінген Меккенің өңірлік билігінің мәлімдемесінде.

Мекке қаласына жақын орналасқан Джидда қаласында төрт миллионға жуық адам тұрады. Көбіне қажылыққа барушылар осы қаланың әуежайына қонып, әрі қарай көлікпен қатынайды. Әуежайдың жұмысы тоқтады. Алайда қазір су тасқыны салдарынан қажылыққа баратындар үшін жолдар жабылған.

Желіде Джидда қаласының тұрғындары су басқан көшелердің видеосын салып жатыр.