Bugin

Түркістан облысында ер баланы пышақтап өлтірген оқушы қыз ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысында жасөспірімді пышақтап өлтірген. Күдікті ретінде мектеп оқушысы қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл жантүршігерлік жағдай Шардара ауданында болған. Полиция бөліміне көшеден белгісіз ер баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобының қызметкерлері марқұмның кім екенін анықтады. Сондай-ақ ас үй пышағы мен басқа да заттай дәлелдер тәркіленді. Бір сағат ішінде күдікті де қолға түскен. Ол - кәмелет жасқа толмаған қыз бала. Өз әрекетін толық мойындаған. Қазір бұған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

«Белгілі болғандай, түнгі сағат 3:00 шамасында күдікті жәбірленушімен кездескен. Кездесуде жасөспірім қыз өзімен бірге пышақ алып келіп, жанжалдасу кезінде жәбірленуші жасөспірімге пышақ сұққан. Жасөспірім ер бала дене жарақатынан сол жерде қайтыс болды» делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.