Әлем

Түркия мен Сирия қарым-қатынасы қашан қалыпқа келмек? - Ердоған жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жақын арада Сириямен қарым-қатынастың қалыпқа келетінін жоққа шығармайтынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркия басшысы Анкараның Каирмен диалогты қалай қалпына келтіргенін мысал ретінде айтты. 

«Таяу болашақта Египетпен процесс басталғандай, Сирияда да басталуы мүмкін. Саясатта құқық бұзушылық жоқ», - деді Ердоған.

20 және 21 қарашада Түркия «Тырнақ-қылыш» операциясы аясында Сирия мен Ирак территориясына әуеден соққы берді. Анкара бұл әрекеттердің мақсаты Ыстамбұлдағы жуырда болған терактіге қатысы бар күрд содырларының базаларын жою деп атады. Түркия Қорғаныс министрі Хулуси Акардың айтуынша, Түркия Әуе күштерінің Сирия мен Ирактағы әуе операциялары нәтижесінде 326 террорист жойылған.