ДАМУ

Неліктен балық пен сүтті бірге ішіп-жеуге болмайды? - Себебі анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кей мамандар балықты сүтпен жеуге болмайды деп санайды. Көпшілігіміз осы ескертуді растайтын мысалдарды тәжірибемізден келтіре алуымыз мүмкін. Мұны құптамайтындар да бар. Сондықтан балық пен сүт төңірегіндегі дау ондаған жылдар бойы әлі басылған жоқ.

Ал көптеген сарапшыда балықты сүтпен жеуге болады деген ұстаным бар. Сонымен қатар әлем халқының дәстүрлі асханаларында балықты сүтпен біріктіретін тағамдарды табуға болады. Сонда бұл ел тұрғындары соншалықты қауіпті нәрсе ұсынғаны ма?! Сонымен, құпия неде? Bugin.kz тілшісі осы сұраққа жауап іздеп көрді.

Біріншіден, балықтың қалай дайындалғанына назар аудару керек. Қайнатылған балықты сүтпен ішуге болады. Сондай-ақ сүтке немесе сүт өнімдеріне балықты малатын немесе бұқтыратын рецепттер де бар. Егер мәзірден осындай тағам жеп көргіңіз келсе, қаймаққа малынған поляк сазанын таңдаңыз. Дәмі, әрине, бәріне бірдей ұнамауы мүмкін.

Консервіленген балықты сүтпен ішуді үзілді-кесілді ұмытыңыз! Ашытылған сүт өнімдерін балықпен жеуге мүлде болмайды. Тереңірек үңілсек, консервіленген балықта оттегісіз тыныш өсетін ботулинум бактериялары болуы мүмкін. Бұл бактериялар сүт ақуызымен қауіпті химиялық реакцияға түсіп, соның кесірінен уланып қалуыңыз мүмкін. Дегенмен қазіргі консерві зауыттары стерильді болғандықтан, мұндай қауіпті жағдайдың болуы екіталай. Бірақ сіз әр консервіленген балық өндірушісіне сенім артуға дайынсыз ба? «Сақтансаң – сақтайды».

Егер балыққа көп дәмдеуіш қосып дайындаса, сүтпен жемеген дұрыс. Бұл қышқылдықты арттырып, асқазандағы гастрит немесе жара асқынып кетуі мүмкін.

Сонымен қатар сүт те, балық та ақуызға бай. Тағамтанушылар сол себепті ауқаттанғанда, екі түрлі ақуызды бір-бірімен араластырған дұрыс деп санамайды. Әрине, адамдар бұдан жиі уланбайды, бірақ денсаулыққа жағымсыз әсер береді. Сондықтан осы тағамдарды ішіп-жеу үшін арасына біраз уақыт салған дұрыс.

Кейбір халықтарда балықты сүтпен жеуге, тіпті, дін тұрғысынан шектеу қойылған. Мәселен сефардтық еврей дәстүрінде бұл өнімдерді бірге жемейді. Сондай-ақ сефардтар балықты ірімшікпен де бірге тұтынбайды. Ал маймен жей береді. Иудаизмнің басқа ағымдарында мұндай тыйым жоқ. Бұл – қанша ұлт болса, сонша дәстүр бар екенінің тағы бір дәлелі.

Сондықтан егер сіз сүт пен балықты қатар ішіп-жегіңіз жегіңіз келсе, жеке медициналық қарсы көрсеткіштеріңізге және діни көзқарасыңызға назар аударыңыз. Ең бастысы, өнімнің сапасын қадағалаңыз!