Әлем

Қастандықтан қаза тапқан президенттер туралы не белгілі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президенттерге жиі қастандық жасалатыны сөзсіз. Адамзат тарихында ең көп президенті адам қолынан қаза тапқан мемлекеттің бірі - АҚШ. Қазіргі күнге дейін АҚШ-та 4 президент қастандықпен өлтірілгені белгілі.

Авраам Линкольн
Алғашқы атышулы кісі өлтіру 1865 жылы 14 сәуірде орын алды. Бұл атақты АҚШ президенті Авраам Линкольнның өлімі. Линкольн 1861 жылы президенттікке келді. Бүкіл Америкада ол құлдыққа қарсы адам ретінде танымал болды. Оңтүстік тұрғындары қолдарына қару алып тәуелсіздіктерін қорғау үшін өздерінің жеке меншік Конфедерациясын құрды. Осылайша Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы әйгілі төрт жылға созылған Азаматтық соғыс басталды. Линкольннің өзі Солтүстік әскерлеріне бұйрық беріп, елдің күйреуіне жол бермеді.
Бүкіл елде құлдыққа тыйым салатын конституциялық түзетуді қабылдау, Оңтүстікті қалпына келтіруді жүзеге асыру, мыңдаған бұрынғы құлдарды еркін қоғамға біріктіру және тағы да басқа ауыр жұмыстар президенттің қолында болды. Бірақ бұл жоспарлар жүзеге асқан жоқ. Соғыс аяқталғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, Линкольн театрда болған кезде оңтүстік агент Джон Уилкс Буттың қолынан ауыр жарақат алады. Келесі күні таңертең Линкольн қайтыс болып, оның жерлеу рәсімі ресми түрде өтті. Миллиондаған адамдар елдің түкпір-түкпірінен өз президентін жоқтауға келді. Линкольн ұлттық қаһарман және әділетсіздікке қарсы күрескер ретінде ел жадында қалды.


Джеймс Абрам Гарфилд
1881 жылы 2 шілдеде заңгер Чарльз Гито президент, республикашыл Джеймс Гарфилдті өлтірмек болды. Гито бір кездері Президент командасында жоғары лауазымға ие болғысы келетін Гарфилдтің жақтаушысы болған. Бірақ ойы жүзеге аспай, Гито сәтсіз мансабы үшін кек алуға шешім қабылдайды. Жаздың бір күні таңертең теміржол вокзалында президентке шабуыл жасап, оған оқ атады. Жара терең болмайды, бірақ емделмегендіктен Гарфилдте басқа ауру түрлері қосылып, сол жылдың қыркүйек айында бұл ауру оны өлімге әкелді.


Уильям Мак-Кинли
Республикалық партияның өкілі  Уильям Мак-Кинли де кезекті құрбандардың бірі . Қастандық әрекет 1901 жылы 6 қыркүйекте Буффалодағы дүниежүзілік көрмеде болды. Президентті өлтірген адам 1893 жылғы экономикалық дағдарыс кезінде жұмысынан айырылған радикал анархист Леон Чольгош болды. Чольгош мемлекетті тиран мен эксплуататордан құтқарып, ерлік жасадым деп есептеді. Көрмеде Мак-Кинли әдеттегідей жеке күзетшілерінсіз болады және жұртшылықпен қарапайым сөйлескен. Чольгош президентпен амандасу үшін қолын созған кезде оның ішіне оқ атқан. 8 күннен кейін ауыр жараланған Мак-Кинли қайтыс болды.


Джон Фицджеральд Кеннеди
1963 жылы 22 қарашада Американың төртінші президентінің өлім оқиғасы орын алды. Бұл -  ХХ ғасырдың ең танымал және жұмбақ қылмысы ретінде есептеледі. Сол күні Джон Кеннеди Ли Харви Освальд атқан оқтан қайтыс болды.

Кеннеди американдық саясатты түбегейлі өзгертті. Кариб дағдарысынан кейін, әлем ядролық соғыстың алдында тұрғанда, президент Кеңес Одағымен бірнеше рет ымыраға келіп, қарулану қарқынын азайтты. Сондай-ақ қара нәсілді халықты кемсітуді жоюға бағытталған бірқатар шараларды қолға алды.
1963 жылы қарашада Кеннеди әйелімен Далласқа келеді. Президент кортежі қала көшелерімен өтеді, содан кейін Кеннеди жергілікті Сауда орталығында сөз сөйлейді деп жоспарланған болатын. Тұрғындардың қалың тобы президент кортежінің бүкіл бағытын қарсы алды, бірақ салтанатты шеру сауда орталығына дейін жеткен жоқ. Мыңдаған куәгердің көзінше белгісіз біреу президентке бірнеше оқ атып, Техас штатының губернаторы Конналлиді де жаралады. Қастандық әрекеттен жарты сағат өткен соң Кеннеди қайтыс болды. Күдікті бұрынғы теңізші Освальд болды, бірақ ол өз кінәсін жоққа шығарды. Екі күннен кейін Освальдты түрмеге алып бара жатқанда, оны түнгі клубтың иесі Джек Руби өлтірді.
Ресми тергеуде ақ түсті дақтар көп болғандықтан, президентті өлтіру көптеген қастандық теорияларын тудырды. Сауалнамаларға сәйкес, американдықтардың 2/3-ден астамы президенттің қайтыс болуының жалпы қабылданған нұсқасына сенбейді. Біреулер қылмыстың басталу нүктесі Пентагонға, ал кейбіреулері Кеңес Одағына немесе Кубаға дейін созылады деп есептейді. Бірақ әзірге мұның бәрі болжам болып қала береді.