ДЕНСАУЛЫҚ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Ұйқы кезінде жұмсақ таңдай мен тілше босаңсып, тыныс алу жолдары тарылады. Содан соң мұрын-жұтқыншақ арқылы өтетін ауа ағыны азаяды. Жұмсақ тіндердің діріліне байланысты гүрілдеген немесе ысқырған дыбыс пайда болады, оны қорылдау деп атайды. Ол ауаның қаншалықты шектеулі екеніне байланысты дыбыс деңгейі бойынша өзгеруі мүмкін.
Бұл құбылыстың себептері физиологиялық ерекшеліктерден де, әртүрлі патологиялардан да пайда болуы мүмкін:
Қорылдаумен күресудің бірнеше әдісі бар:
Салмақты қалыпқа келтіріңіз
Алдымен дәрігермен кеңесіп, салмақ тастаудың ыңғайлы әдісін таңдаған дұрыс. Жалпы калорияны азайтып, пайдалы тағамға ауысып, асты аз-аздан жеу керек. Сондай-ақ үнемі жаттығу жасау керек. Бұл қорылдауды қойдыруы мүмкін.
Бір бүйірмен ұйықтау
Арқамен жатқан кезде тіл тамақтың арт жағына қарай кетіп қалуы мүмкін. Бұл ауа ағынын ішінара бөгейді. Бір қырындап ұйықтасаңыз, қорылдауыңыз азаяды.
Аллергияны емдеңіз
Кей адамдар аллергия кезінде мұрын арқылы демалу қиын болған соң, ауыз арқылы тыныс алады. Бұдан қорылдау пайда болуы мүмкін. Сол үшін аллергияға қарсы дәрі-дәрмектер туралы дәрігермен кеңесіп қолданған абзал.
Темекіні тастаңыз
Темекі шегу - бұл әртүрлі ауруға, соның ішінде қорылдың пайда болуына әкелетін тыныс алу жолдарының созылмалы жарақатына әкелетін әдет. Емдеуші дәрігермен әртүрлі медициналық құралдардың көмегімен осы тәуелділіктен арылу мүмкіндіктерін талқылаған жөн.
Ұйқы
Қорылдаудан құтылу үшін дұрыс ұйықтаған жөн. Тәулігіне 7-8 сағат ұйықтау керек. Сонымен қатар ұйқы режимін реттеу қажет.