БІЛІМ

Биылғы ҰБТ-да мамандықтар бойынша шекті балл қанша?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022-2023 оқу жылындағы ҰБТ-ның шекті балы туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ұлттық тестілеу орталығының сайтына сілтеме жасап.

Білім салалары бойынша 2023 жылғы шекті балл:

«Құқық» – кемінде 75 балл;

«Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл;

«Денсаулық сақтау» – кемінде 70 балл;

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, «Ветеринария» – кемінде 60 балл. Сондай-ақ ұлттық ЖОО-ларға – кемінде 65 балл, ал басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл.

Әр пән бойынша шекті балл - 5.

Әр жоғарғы оқу орны білім бағдарламасы тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.