Bugin

Абай қаласында автобус күтіп тұрған оқушының бетін үсік шалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай қаласында автобус күтіп тұрған мектеп оқушысының бетін үсік шалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға туралы қыздың анасы әлеуметтік желіде айтып берді. Оқушы аялдамада 15 минут автобус күткен. Ал анасы қалада мектеп автобустары қарастырылмағанын айтты. Сондай-ақ ол балалар жолаушылар көптігіне байланысты қоғамдық көлікке отыра алмай, күтуге мәжбүр болатынын айтып шағымданды.

«Біз мектеп директорларымен таңғы сағат 8-ден бері ұрысып, сабақты тоқтатуын сұрап жатырмыз. Сыртта қатты аяз. Бірақ бас тартты. Басқа қалаларда, атап айтқанда, Астанада бүгін мектептерде сабақтар тоқтатылып, қашықтан оқыту форматына көшті. Бүгін елорда мен Абайда ауа райы бірдей», - деп жазды оқушының анасы әлеуметтік желіде.

Абай аудандық білім бөлімі оқиғаны растады. Ведомстводағылар қазір 3-сынып оқушысы үйінде отбасымен бірге екенін және жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.

«Сағат 06:45-тегі жағдай бойынша Абай қаласында ауа температурасы орташа есеппен -21 градусты көрсетті, сабақтың тоқтатылуына белгілер болған жоқ. Қыз үшінші сыныпта оқиды. Мектеп директоры оқушының анасымен кездесті, анасының айтуынша, бала өзін жақсы сезінеді, үйде, ойнап жүр», - деді аудандық білім бөлімі өкіледрі.

Сондай-ақ ведомство бастауыш сынып оқушылары үшін сабақтарды тоқтату -25 градус және одан төмен температурада жүргізілетінін қосты. Жел мен көктайғақ түріндегі ауа райы жағдайын ескере отырып, ата-аналар баласының мектепке бару-бармауын өз бетінше шеше алады. Бұл жағдайда мұндай шешім туралы сынып жетекшісіне хабарлау қажет.