Bugin

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да көтерді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

«Бұл шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделді. Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болды» делінген хабарламада.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейін жеткілікті жоғары деп бағалап отыр.

«Базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы бүгінгідей мәндерде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді»,- деп түсіндірді банк қызметкерлері.

Еске салайық, 26 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға көтерген.