Әлем
Былтырғы әзірбайжандардың Қарабақтағы жеңісі бауырлас түрік халқының көмегінсіз мүмкін болмас еді. Әсіресе бұл жеңісте «Байрактардың» тигізген көмегі зор. Даулы шайқаста Анкара Әзірбайжан әскеріне жаңа «Байрактар» дрондарының желісін орнатып, жаудың жеңілуін жылдамдатты. Сонымен қатар озық түрік техникасын басқару мен жөндеуді игеруге арнайы инженерлер жіберілді.
«Байрактар ТБ2» - ұшқышсыз, 24 сағатқа дейін ауада ұшуға қабілетті жаңа аппарат. Дрон белгілі аумақты бақылап, суретке түсіреді және оқыс әрекетті байқағанда бірден соққы бере алады. Әрине, заманауи авиациясы бар елде бұл аппараттарды жойып, жеңу мүмкіндігі болды. Алайда жергілікті қақтығыстарда аталған аппарат қолжетімді таптырмас өнертабыс болды. Осы «аспан балықтарын» бір түннің өзінде Сирияның үкіметтік армиясына қарсы 23 танк, ондаған әскери және бес тікұшаққа қарсы тұрды.
Осындай қуатты қаруды жасаған инженер - Селчук Байрактар
1984 жылы ағайынды Байрактар түрік кәсіпкерлері атанып, Батыс лицензиялары бойынша автомобиль қозғалтқыштарын, техникалық сорғыларды және басқа бөлшектерді шығарумен айналысатын кәсіпорын құрды. Құрылған фирма отбасының құрметіне «Байкар» деп аталды. Меншік иелерінің екінші буыны Халук, Селчук және Ахмет Байрактар отбасылық кәсіпорынның өндірістік ауқымын роботты қорғаныс өнімдерін, кеңінен танымал дрондарды жасауға ауыстырды. 2000 жылдардың ортасында олар үлкен жетістіктерге жете бастады.
Қарабахта қолданылған «Байрак ТБ» тікелей жасаушысы - ағайындылардың ішіндегі ең танымалы қырық үш жастағы ұшқышсыз ұшағын жасаған инженер және кәсіпкер Селчук Байрактар. Ол 1979 жылы Түркияның солтүстік-шығысындағы Трабзон қаласында дүниеге келген және Стамбулдағы Америка колледжінде оқыған. Түркияның БАҚ беттеріндегі ақпараттарына мән берсек, Селчук Байрактар – өте жанашыр және зайырлы адам. Ол – өз Отанында жеткілікті қоғамдық өмірімен танымал болған тұлға. Селчук әскери техниканы дамытып, әуе кемелерін басқарудың қыр-сырын түсіну үшін азаматтық авиация ұшқышының лицензиясын алды. Соның арқасында 2007 жылдан бастап «Байкар» фирмасы өзінің дрондарын түрік армиясына жеткізе бастады.