Bugin

Қазақстанда 4,5 млн адамның баспана алатын мүмкіндігі жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір елімізде баспанаға мұқтаж азаматтардың саны 4,5 миллионға жеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш алдағы 7-8 жылда 10 миллионға дейін артуы мүмкін. Оны сала мамандары әлемде болып жатқан геосаяси жағдаймен және құрылыс материалдарының қымбаттауымен байланыстырып отыр. Себебі ондай материалдар өзімізде өндірілмейтіндіктен, әлі күнге дейін импортқа тәуелдіміз.

Айта кетсек, бүгінде біз тұрғын үйді сатып алу қолжетімділігі бойынша, 113 елдің ішінде 33-орында тұрмыз.