Психология
Бүгінде кей жандар болашағын кофе ұнтағымен болжап, шыны шарға сеніп, сандарды сөйлетіп жатады. Шынында әрқайсымыздың бойымызда тек бізге тиесілі жеке код болуы мүмкін бе? Мұндай тұжырым алғашында фантастикалық әңгіме сияқты естіледі. Бірақ Сюцай ғылымының негіздері мұны жоққа шығармайды. Аталмыш ғылымның қыр-сырын анықтау мақсатында Сюцайдың кәсіби шебері, бизнес коучер Дарьяна Сеиловамен арнайы сұқбат жүргіздік.
- Сандарды сөйлету арқылы адам тағдырын өзгертуге болады ма?
- Сюцай ғылымы - 21 ғасырдың сана психологиясы. Егер адам өзі сондай «тағдырды өзгертемін» деп шешім қабылдаса, әрине, сандар толық адамның қабілеттерін көрсетіп саналар арқылы ашып, оларды құрал ретінде қолдай отырып, жаңа өмірге қадам баса алады. Сюцайды ғылым ретінде қарастырғандықтан, оны бақсылық не балгерлікпен шатастырмау қажет.
- Өз сөзіңізде де айтып қалдыңыз: «Сюцай – 21-ғасырдың сандық психологиясы». Бүгінде осы ғылымға сенетіндердің қатары көп пе? Әсіресе, қазақстандықтар жаңа ғылымға қаншалықты қызығушылық танытып жатыр?
- Қазіргі таңда Сюцай ғылымының қалаушысы, жерлесіміз Жанат Қожамжаровтың әлем бойынша 6000-нан астам шәкірті бар. Мен өзім 2 жылдың ішінде осы ғылымның ілім-білімін меңгеріп, өзім қолданып, көптеген өзгеріске жеттім. Сюцай ғылымы адамның өзін-өзі тану, сенің айналаңдағы адамдарды толық түсінуге үлкен мүмкіндік береді. Сюцайға сенетін, қызығушылық білдіретіндердің қатары күннен-күнге дейін көбейіп жатыр. Алдағы уақытта әрбір жанұяда «Сюцай шеберлері» болады деп сенемін.
- Осы ғылымға жүгінетіндер көбінесе қандай ақпараттарды білгісі келеді? Сюцай ғылымы біздің Қазақстан халқына қаншалықты түсінікті?
- Сюцай ғылымына негізі кез келген адам келмейді. Жалпы адам даму жолына екі жолмен ғана түседі: біріншісі - білім арқылы, екіншісі - өмірдегі болған дағдырыс арқылы. Адам ішіндегі бақыт не бақытсыздық, күш-жігері жоқ адамдар Сюцайға өз өміріндегі дағдарыс не себептен болды, қалай бақыт жолына келемін деген сұрақтармен келіп жатады. Сюцаймен айналысқан шеберлер, кеңес алған адамдардың басым бөлігі үйдегі, отбасындағы, туған-туыстармен қарым-қатынастарын жөндеді. Ажырасқан жолда ерлі-зайыптылар жеке кеңестен кейін бір-бірін түсініп, жаңа көзқараспен бір-біріне қарап, әрі қарай бақытты өмір сүріп жатыр.
Сюцай ғылымы күн сайын дамып келе жатыр деп нық сеніммен айта аламын. Қазіргі таңда Дубайда, БАӘ базалық оқудан 27-поток жүргізіліп жатыр, Қазақстанда бүгінде 2 бизнес-форум өтті. Ал, Астана, Алматы қаласында күн сайын шеберлік сағаттары өткізіліп жатыр. Сондай-ақ Қазақстанның көптеген орталық қаласында арнайы Сюцай орталықтары бар.
- Сандар арқылы адам бойындағы ауруларды анықтауға мүмкіндік бар ма? Жалпы, адамның туған күні оның «жеке коды» деуге келеді ме?
- Негізінен, өмір бойына хроникалық аурулар көбінесе неден пайда болады, қалай ол сырқаттарды, ауруларды өз санамыздан шығаруға, өзін-өзі қалай емдеуге болатынын анықтауға тырысады. Білесіз, без, біз туған күнді «сана саны» деп айтамыз, Сюцай арқылы сана бойынша аурулардың да, бөлек әрбір санның қандай ауру пайда болатынын нақты біле алады. Сана сандары аурулардың емделу жолын көрсетеді, соны адамдар құрал ретінде қолдана алса, өз қалпына келеді.
- Дарьяна ханым, сіздерде 1 кеңес құны қанша? Адамдар алғашқы талдаудан нендей ақпараттарға қол жеткізеді?
- Мен кәсіби шебермін, базалық, кәсіби ағымдарды өттім, mini МВА дипломды Жанат Қожамжаровтың шәкіртімін. Әрбір кеңес әртүрлі. Жеке консультация толық құны 70 000 тенге, сана саны бойынша, өмірлік миссия бойынша қандай қабілеттері бар, матрица арқылы қандай куат адамның бойында бар, адамның есімін талдаймыз, жеке жылын, туған күнін арнайы есептеу арқылы талдаймыз. Менде жеңілдіктер де жиі болып тұрады. Тұрақты оқырмандарыма, кеңес сұрап келген жандарға әрдайым қолымнан келгенше аянбай көмегімді беруге дайынмын. Негізі Сюцай әрбір келген адамның сан алуан сұрағына нақты жауап береді, Сюцай арқылы адамның қабілеттерін толық ашуға, өмірдегі бақытқа, куанышқа апаратын жолды нақты көрсете аламыз.
Мысалы, сіздің туған күніңізге байланысты сіздің саныңыз-8. Туған күн, ай, жыл сандарын есептеу арқылы сіздің өмірге құштар, лидерлік қабілеттеріңіздін басым екенін байқауға болады. Әр адамның ағзасы, психологиясы 33 жасқа дейін жетіліп, ары қарай өсуін тоқтатады. Осы сәтке дейін сізге өзіңіздің өмірлік миссияңызбен көбірек жұмыс жасау керек.
- Адамдар арасындағы үйлесімділіктің пайызы қанша? Мысалы қоғамдағы жастар бір-бірімен үйлесімділік санын есептетіп, бір-бірінің қабілеттерін анықтатып жатады. Сол қаншалықты дұрыс?
- Сюцай – адам тағдырын алдын ала болжау емес. Бізге түрлі жағдайдағы адамдар келеді. Біреуі осылай үйлесімділікті есептеткісі келсе, ендігісі бір-бірін түсінбей, көмек сұрап жатады. Сюцайда «сәтсіз сандар» деген ұғым жоқ. Біз адамның сана санын анықтау арқылы адамдарға көмек береміз, оның қабілет мүмкіндіктерін арттырамыз. Маған бір адам келіп, көмек сұрады. Кейде екі адам бір-бірін түсінбей жатады. Бұл дегеніміз екеуің бір-біріңе үйлеспейсіңдер емес, жәй ғана ортақ тіл табысудың жолын іздеу керек. Жастардың сана санын есептеу арқылы екеуінің мінездерін анықтап, өзімің кеңесімді бердім. Айтқым келетіні, Сюцай – үлкен мүмкіндік пен сенім сыйлайды. Сізге жасалған талдау бойынша өзіңізбен жұмыс жасасаңыз міндетті түрде жетістікке жетесіз әрі бұл ғылымның баға жетпес мүмкіндіктерін адамдар толық қолданады деп ойлаймын.