Bugin

Маңғыстаудағы үш баласын дарға асқан әке: психолог оның мұндай әрекетке баруының себептерін атады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұнайлы ауданындағы қайғылы оқиға қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. 38 жастағы ер адам 8 жасар, 4 жасар және 10 айлық үш кішкентай баласын дарға асып, кейін асылып өлген. Алдын ала болжам бойынша, бұл оның әйелімен отбасылық жанжал негізінде болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Tengrinews.kz порталы Қазақстан психологтары қауымдастығының президенті, Алматыдағы медициналық психологиялық мәселелер орталығының директоры, отбасылық мәселелермен жұмыс істейтін маман Владимир Стеблянкодан осындай жан түршігерлік әрекеттердің себебін сұрады.

Маманның айтуынша, отбасындағы мәселелер ертерек туындағаны анық, бірақ оларға тиісті мән берілмеген.

«Мен барлық жағдайды білмеймін, бірақ адамда психикалық бұзылыстың белгілері анық. Бұл - бақыланбайтын агрессия. Ал отбасылық жанжал қосымша себеп болды. Шын мәнінде, мұндай әрекетті тек психикалық ауру адам істей алады. Үш баланы салқынқандылықпен өлтіру психикалық патология екені анық, мұндай әрекеттер сандырақтаған күйде жасалады. Ал мұны туыстары бұрыннан көруі керек еді және алдын алу шараларын жүргізуі тиіс болатын. Бұрын да оның қандай да бір орынсыз мінез-құлық көрсеткені анық және мұны есте ұстаған жөн еді», - деп санайды Стеблянко.

Оның айтуынша, ерлі-зайыптылардың бірінің тарапынан бақылаусыз агрессия болған жағдайда мамандандырылған көмекке жүгіну қажет.

«Ондай адамдардың төңірегінде ұрыс шығарудан аулақ болған жөн, өйткені олар көбінесе орынсыз әрекет етеді. Әрине, жанжалдар отбасында жиі болады, бірақ мұндай нәтижелермен аяқталмайды. Өйткені, көбіне психикасы сау адамдар адекватты мінез-құлықпен қиын жағдайлардан шығады. Олар ашулануы, тіпті шабуыл жасауы мүмкін. Бірақ олар одан әрі бармайды. Бұл жағдайда психопатия болуы мүмкін. Бұл мінездің патологиялық тұжырымдамасы, ол өз-өзін басқара алмаған болуы керек.  Мұндай адамдарды тиісті медициналық мекемеге жеткізіп, дер кезінде оқшаулау қажет», - деп атап өтті маман.

Психолог психикалық бұзылыстың жарқын белгілерін атады.

«Біріншіден, кейбір сандырақ ойлар болуы мүмкін, мысалы, алдамшы қызғаныш. Әрине, қызғаныш - қалыпты сезім, бірақ ол белгілі бір әлеуметтік шеңберде пайда болады және адам өлтіру сұмдықтарын жиі тудырмайды. Әдетте, бұл жерде стационарлық емдеу қажет, себебі тек психологиялық көмек жеткіліксіз. Сондай-ақ оны уақытында анықтау керек. Ал егер шынымен психикалық патология болса, оны емдеп, оны осы күйден шығаруға көмектесіп, алдын алу керек. Немесе соңғы шара ретінде ажырасып кеткен де жөн», - деп түйіндеді Владимир Стеблянко.