Bugin
Қазақ халқына тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Үш жүз жыл басқыншылармен алысқан қазақ халқы төрт жүзге жуық ірілі-ұсақты ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістерді бастан кешірді. Желтоқсан көтерілісі де күрескер бабаларымыздың егемендікті аңсаған шұғылалы арманының жалғасы еді.
Осыдан 36 жыл бұрын, 1986 жылы желтоқсандаазаттық ұшқыны жарқ етті. Сол күні Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің 18 минуттық отырысында Д.Қонаев Республиканың бірінші хатшысы қызметінен кетіп, орнына ұлты орыс Г.Колбин келеді. Халықтар достығының лабораториясына айналған Қазақстанды бұған дейін кім басқармады, компартия тарихындағы 22 хатшының төртеуі ғана қазақ болған еді. Бұл жолы да халықтың пікірі еш қаперге алынбастан ел тізгіні бөтен адамның қолына тиді. Орталықтың осындай жоғарыдан төмен қараған саясатына ашынған халық сол кездегі Брежнев алаңына жиналып ұлттық сипаттағы талаптарын ашық қояды. Мәселенің маңыздылығын алаңға 10 мыңға жуықадамның жиналуынан-ақ бағамдай беруге болады. Ал мәселе расымен сан жылдар бойы қордаланып, әбден титығына жеткен еді.
Кеңесодағының мақсатына ешқашан қазақ халқының игілігі кірмеді. Қайта қазақтың ұлан байтақ жері менондағы байлығын меншіктеу кеңес билігініңшынайы бетбейнесіболды. Сондықтан қазақтың ана тілі, әдет-ғұрпы, мәдениеті, ділі мен діні секілді ұлттық ерекшеліктерін жоюға тырысып бақты. Сөзіміз дәйекті болуы үшін цифрларға көз жүгіртейік, 1897 жылы жалпыхалықтық санақ бойынша Қазақстандағы жергілікті халықтың үлесі 80 пайызды құрағанболса, 1957 жылғы санақта бұл көрсеткіш 3 есеге кеміді. Әсіресе Өскемен, Қостанай, Көкшетау, Павлодар мен Петропавл өңірлеріндегі қазақ халқының үлесі 15-20 пайыз аралығында болды. Нағыз қасірет кеңестердің күштеп ұжымдастыру саясатымен тікелей байланысты. Оның салдарынан аштық пен аурудан 3 млн.ға жуық адам өлім құшып,жергілікті халықтың үлесі 38 пайызға дейін түсті. Жаппай қоныстандыру арқылы қазақ санын азайту жұмысыүздіксіз жүріп жатты. 1930-1962 жж. аралығында қоныстанушылардың саны 3 млн. 950 мың адамды құрады. Бұған қоса тарихи елді мекен, жер мен су атауларын өзгерту жұмыстары қатар жүргізілді. Қазақ мектептері жабылды. Қазақтыңәдеби тілі бұзылды. Қазақ халқы ұлттық болмысын жоғалтудың алдында қалды. Сондай-ақ Семей полигоны, Арал мен Балхаштың тартылуы секілді экологиялық дағдарыстар республиканың ғана емес, халықаралық деңгейдегі апат болды. Көрсетілгендеректерге сүйене отырып, Қазақстанорталықтың көзқарасында тең дәрежеліодақтас ел емес,Мәскеудің әкімшілік-аумақтық бірлігі сияқтыболғанын байқауға болады.
Осындай тамыры тереңде жатқан, күрделі, қордаланған мәселелер желтоқсан көтеріліснің тұтануының себеп болды. КСРО-ның ең үлкен одақтасы, экономикалық локомативы Қазақстанға есіктен кіре сала төрге отырған орыстың басшы болуы халық наразылығын тудырып, демократияшыл жастарды алаңға жинады. Халықты ұрып-соғуға ешқандай құқықтық негізі болмаса да, бірінші болып күш көрсетуді үкіметтің өзі бастады. Бұл арандатушылықтың арты қырғын қақтығысқа ұласты. Қыстың қақаған суығында үш күн бойы итпен қуалап, мұздай сумен атқыласа да «Қазақстанға қазақ басшының керектігін» талап еткен ұрандар көлемі азаймады.
Желтоқсанда көтерілісшілерге қарсы ішкі істер органдары, әскери күштермен әскери оқу орындары курсанттарының біріккен сегіз мыңға жуық адамы жасақталды. Бұлардың құрамында Фрунзе (Бішкек), Ташкент, Челябы, Новосібір, Тбилиси, Уфа мен Свердловтан келген әскери қызметкерлер болды. Сондай-ақ, әскерден бөлек, жендеріне қызыл шүберек байлап, алаңға барып, жастарды жаншуға «үлес» қосқан шовинисттік пиғылдағы мыңдаған жасақшылар Алматының көшелерін қанжоса қылды. Сол кездегі әскерилер мен жасақшылардың озбырлығы туралы Желтоқсан комиссиясының жетекшілерінің бірі Мұхтар Шаханов былай дейді: «Алаңға қарусыз шыққан жас қыздар мен жігіттерді ұрып құлатып, қыздарды бөрене сияқты бірі шашынан, бірі аяғынан ұстап машинаға лақтыратын да солар. Жастарды топ-тобымен машинаға тиеп жетпіс шақырымға дейін алып барып, бала көтермесін деп, қыздарды бірнеше сағат бойы мұздың үстінде отырғызып қойғанда солар». Ішкі істер министрлігінің «бұзақыларды» күшпен тарату операциясы «Құйын-1986» деп аталды. Кейін министрліктің лауазымды тұлғаларының араласуыменоперация орындаушыларын жасыру мақсатында жоспардың түпнұсқа құжаттары жойылды. Алаңға шыққандарды тарату жөніндегі шешімге Г.Князев (Қазақ КСР ІІМ министрі), В.Мирошник (Қазақ КСР МҚК төрағасы), Э.Басаров (ішкі істер министрінің орынбасары)тікелей басшылық жасады.
Желтоқсан комиссиясының дерегі бойынша, көтеріліске қатысты 8,5 мыңға жуық адам ұсталып, тергеуден өткен.309 студент оқудан қуылып, 319 адам жұмысынан шығарылған. Ресми дерек бойынша, 22 жастағы Ербол Сыпатаев, 22 жастағы Қайрат Рысқұлбеков(1988 жылы түрмеде қайтыс болды) пен 16 жасар студенттер Ләззат Асанова мен Сәбира Мұхамеджанова көтеріліс құрбандары болды. Сондай-ақ қарсы тараптан телецентр инженері, жасақшы Савицкий қаза тапты.Дегенмен бейресми деректер бойынша қаза тапқандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Бұл туралы «Аллажар» фильмінің режиссеры Қалдыбай Әбенов мынадай мәлімет келтіреді:«1988-89 жылы фильмді бастағанда «маған ешкім кедергі жасамағанда, әлі де болса көптеген ақиқатты жарыққа шығарар ма едім?» деп ойлаймын кейде. Алаңда, алаңнан тыс жерлерде 2000-нан астам шейіт болған жастарымыздың денелерін толық еркіндігіміз болғанда, бәлкім, біз табар ма едік. Ақиқаттың көбі оқиғадан кейін-ақ жойылды. Мен фильмді Желтоқсан оқиғасына қатысқан, түрменің азабын шегіп келген уыздай жастарымыздың айтқан әңгімелері, бойынша түсірдім. Қазақтың ұл-қыздарын шырылдата сабап жатқан жерлерін өздерінің айтуларымен жасадым. Толқуды да оқиғаның бел ортасында болған балалардың әңгімесінен алдым». Желтоқсан көтерілісінің әлі де болса бір ізге түспеген ақтаңдақ беттері бар. Себебі алаңға бір мезетте мыңдаған адамның жиналуы, саяси лозунгтар жазылған плакаттардың таратылуы мен ұлттық сипаттағы ұрандардың айтылуы сияқты көтерілістің ұйымдасқан түрде өтуі таңқалдырмай қоймайды. ҚР Орталық архивының директоры Марат Хасанаевтың осы тақырыпты зерттеу үстінде өлтірілуікөңілдегі күдікті ұялата түседі.
Көтерілістің бел ортасында қазақтың «ұлтшыл» жастары жүрді. Ұлтшыл деген сөзді тырнақшаға алдым, себебі бұл қазақ үшін сүйікті сөз болғанымен, интернационализм деген орыстандыру саясатын ұстанған орталық һәм отаршыл биліктің қызыл тізіміндегі жаланың бірі болды. Дәл осы жаламен қазақ халқының ұлттық батыры Кенесары хан, алаш қайраткерлері және желтоқсан боздақтары айыпталып, қуғындалып, жазаның ең үлкен түрі – өлім жазасына кесілген болатын.Егер де дәл осы ұлтшылдар уақытында іс әрекетке көшпегенде бүгінгі Қазақстан деген мемлекеттің болуының өзі үлкен сұрақтың астында қалар еді. Демек кешегі ұлтшылдықатты жаланы бүгінгі патриот деген сөздің баламасы деуге болады. Желтоқсан көтерілісіКенес Одағының тоталитарлық режиміне ашық күрестің үлгісін көрсеткен Қазақстанның дара жолы болды. Кейін бұл толқулар 1989 жылы Тбилиси, 1990 жылы Баку және 1991 жылы Вильнюсте жалғасын табады.Ғасырдан ғасырға жалғасқанегемендік күресінің соңғықұрбандары желтоқсан боздақтары болды.
Тәуелсіздік – қазақ халқының қай кезде де көзінің қарашығындай сақтауы қажет қасиеті мұрасы, бабаларымыздың ұрпаққа аманаты. Бүгінгі ел тәуелсіздігінің 31 жылдығы құтты болсын. Қазақстан Республикасының тұтастығы бекем болғай. Көк туымыз көгімізде мәңгілікке желбіресін.