Қоғам
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметі бойынша, Ахметов - Қазақстандағы ең танымал фамилия, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Қазақстанда ең көп тараған фамилия – Ахметов (а). Оны 66 091 адам қолданады», - деп хабарлады бейсенбі күні бюрода.
Рейтингтің екінші орнында Серік деген фамилия орналасқан. Оны 45 193 адам қолданады. Үшінші орындағы Омаров тегімен 40 322 адам тұрады. Төртіншіде – Оспанов, 36142 адам. Бесіншіде – Әлиев, 35 387 адам.
Одан әрі таралу жағынан Ким – 34 811 адам, Сүлейменов – 29 988 адам, Марат – 28 008 адам, Амангелді – 27 297 адам, Болат – 24 542 адам.
Еске салайық, биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 715 782 адамды құрайды.