Bugin
Ақтау тұрғыны көріпкелге «тағдырын түзегені үшін» 780 мың теңгеге жуық ақша берген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Лада» сайтына сілтеме жасап.
«Жәбірленуші сеніміне кірген алаяқ одан 779 601 теңге алған. Көріпкел ұсталды» делінген хабарламада. 26 желтоқсан күні жәбірленуші «тағдырдың түзелуіне көмектесемін» деп уәде берген. Бірақ сөзінде тұрмаған көріпкелдің үстінен полицияға шағым жасағаны айтылады.
«Криминалды полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелді», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.