Bugin

Алматы: Сырғанаққа барған 4 бала ауыр жарақат алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда сырғанақ тепкен төрт бала ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа жыл мерекесі күндері балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 14 жастағы екі бала, 16 және 6 жастағы барлығы төрт бала түсті.

Төбешіктен жоғары жылдамдықпен сырғанап келе жатқан алты жасар бала басқа баламен соғылып қалған.

«Салдарынан кішкентай бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, сол жақ төбе сүйегінің желісі сынды. Жазық эпидуралды гематома диагнозы қойылды. Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде жатыр», –  дейді Алматы қаласы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы травматология бөлімшесінің меңгерушісі Бақыт Қожаханов.

Мұз айдынында ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз қарқынды терапия бөліміне жатқызылды, жағдайы тұрақтанғаннан кейін мамандандырылған бөлімшеге ауыстырылды.

«Мұз айдынында бортпен соқтығысу салдарынан жасөспірімнің көкбауыры жарылып, ішіне қан кетіп, іші тұйық жарақат алған. Ота жасалды, қазір баланың жағдайы тұрақты, бөлімшеде бақылауда жатыр. Ата-аналарға спорттың кез келген түрі және ашық ауада өткізілетін шаралар кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау керек екенін ескертемін», – дейді дәрігер хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Жүсіпбеков.

Мұз айдынында жарақат алған тағы бір науқас 16 жастағы қыз ауруханада жатыр. Дәрігерлер балаға жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалған, төбе аймағы жұмсақ тіндері соғылған деген диагноз қойды. Бойжеткен жансақтау бөліміне жатқызылды, кейін нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды.

Сондай-ақ 3 қаңтарда 14 жастағы жасөспірім орталыққа жатқызылды, ол Шымбұлақ тау шаңғысы курортынан жеткізілді. Аңғырт сырғанау нәтижесінде бала жабық бассүйек-ми жарақатын алып, бас миы шайқалып, төбе аймағы соғылғаны анықталды.

«Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы басты басымдық болып қалуы керек. Балаға шаңғымен сырғанауға рұқсат бермес бұрын, жабдықтың толық жиынтығына көңіл бөлу керек, баланың қорғаныс дулығасы болуы керек. Үлкен қарлы төбешіктер - біздің мұң: мұнда жарақат алу мүмкіндігі өте жоғары, балалар өмір сүру сапасына әсер ететін ауыр жарақаттар алады. Біз балалардың денсаулығы мен өмірін бірге сақтауға шақырамыз», –  деп қосты нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мұхтар Ибрагимов.