Өнім

Ұзынағаш: Жаға жыртысқан екі қыздың видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Талдықорғандағы қыздардың төбелесінен кейін әлеуметтік желілерде бірнеше қаладағы қыздардың жаға жыртысқан видеосы таралып кетті.

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында екі қыз жаға жыртысып қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған бойжеткендер полицияға жеткізілді. Екеуінің де жасы 16- да. Бірі Ұзынағаштағы Жамбыл Жабаев атындағы колледжде, екіншісі Ұзынағаш медициналық колледжінде оқиды. 

Бейнежазба желіге тарағаннан кейін полиция мән-жайды анықтаған. Оқиға бір ай бұрын болған. Желі қолданушылары қыздарды қатаң жазаға тартуды талап етіп жатыр.

Алматы облыстық полициясының баспасөз қызметінің айтуынша, қыздар қазір татуласқан. Олардың ата-аналарына тек айыппұл салынып, іс жабылуы мүмкін.

«Оқиға 2022 жылдың 03.12.2022 жылы болған. Аталған дерек бойынша оқу орнының әкімшілігі полиция қызметкерлерінің қатысуымен тексеру жүргізді. Сондай-ақ студенттердің ата-аналары шақырылып, екі жақтан да түсініктемелер алынды. Қазіргі уақытта 16 жастағы оқиғаға тікелей қатысы бар жасөспірімдерге қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр», – деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ернар Сайділдин.