Саясат

Қазақстандық депутат Ресейдің Украинаға соғысын қолдайтынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақ жол партиясы фракциясының Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдайтынын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы azattyq.org сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Азаттыққа сұхбаты кезінде Ресей-Украина соғысында Мәскеуді қолдайтынын айтты. Оның сөзі НАТО мен Украинаны айыптай сөйлейтін ресейшіл пропагандамен үндес шықты.

– Мен Ресейдің президентін қолдаймын. Осы спецоперацияны қолдаймын. Осы жазға дейін Зеленскийді өзінің халқы ұстап, сотқа береді. Соғыстан кете алмайсын. Мен Украинадағы спецоперацияны қолдаймын. Нацисттер отыр.

Орыс жақтан соғысып отқандарды жақсы танимын. Украина жақтан соғысып жүрген балаларды танимын. Украина, ар жағында Ресей. 600 километр. Ракетамен Мәскеуге барады. Ол олардың қауіпсіздігі, – деді депутат видеода.

Ол сондай-ақ соғысты қолдайтын тағы 2-3 депутат бар екенін айтты.