Bugin

Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдайтын депутат партиядан шығарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ақ жол» демократиялық партиясы ұлттық кеңесі мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевті партиядан шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы аталған партия мүшесі, мәжілісмен Қазыбек Иса Facebook-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық Кеңесі Мәжіліс депутаты А.Әбілдаевтың мәселесін қарады.

Бүгін 2023 жылы 19 қаңтарда «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өтті.

Партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты А.Әбілдаевтың журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді.

Ұлттық кеңес мүшелері А.Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы екеніне, партиялық және депутаттық этиканы да бұзғанына баса назар аударды.

Атап өту керек, кеше партия президиумы хабарлағандай, “Ақ жол” партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды.

Ұлттық кеңес А.Әбілдаевты «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдады», - деп жазды Қазыбек Иса.

Сонымен қатар «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығарылғанына байланысты А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы «Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдады.