ДАМУ

«Жын, шақырылмаған қонақ»: Бастырылудың алдын алу жолдары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұйқы кезіндегі қорқынышты нәрсенің бірі – бастырылу. Оны ғылыми тілде ұйқының сал ауруы деп атайды. Bugin.kz порталы бұл жағдайдың қалай алдын алуға болады деген сұраққа жауап ұсынады.

Бастырылу немесе ұйқының сал ауруы – ұйқылы-ояу кезде пайда болатын жағдай. Адам бастырылып жатқан сәтте бірнеше секунд немесе минут бойы:

есі дұрыс болғанымен, қозғала да, сөйлей де алмайды;

бөлмеде біреу жүргендей болады;

біреу кеудесінен итеріп, тұншықтырып, төмен қарай сүйреп бара жатқандай сезімде болады;

осылардың әсерінен қатты қорқады.

Зерттеулерге сүйенсек, әлем халқының 7,6%-ы мұндай оқиғаны, кем дегенде, бір рет бастан өткерген. Сарапшылар бастырылып қалғандардың осы жағдай жайлы әңгімелерін үш санатқа бөледі:

«Шақырылмаған қонақ»: адамның жүрісі мен есіктің ашылған дыбысы, адамның көлеңкесі, біреудің қинағалы жатқанын сезу;

«Жын»: кеуде тұсы қысылып, тыныс алу қиындайды, тұншыға бастайды, зорлық-зомбылық болғалы жатқандай жантүршігерлік сезім пайда болады, өлімнен қорқады;

«Дененің біртүрлі сезімдері»: денеден жан шыққандай, еркін құлағандай немесе ұшқандай, кереует ауада айналғандай не басқа вестибулярлық галлюцинациялар болады.

Бұл көріністердің барлығының да түп төркіні бір-біріне ұқсас келеді. Әртүрлі халықтың ертегілері мен нанымдарында түнде бөлмеге кіріп, адамның кеудесіне отырып, оны қорқытып, тұншықтыра бастайтын жындар мен зұлым жаратылыстар жайлы айтылады.

Бастырылу болмас үшін алдын ала оны өз бетінше бақылауға болады:

күніне 6-8 сағат ұйықтаңыз;

ұйықтар алдында жатын бөлменің қараңғы, таза және салқын екеніне көз жеткізіңіз;

бөлмені өзіңізге ыңғайлы етіп алыңыз;

күн сайын белгілі бір уақытта жатып, тұру қажет;

дене шынықтырумен ұйықтаймын дегенше 4 сағат бұрын ғана айналысыңыз;

кешкі ритуалдарды ойластырыңыз, мысалы, жағымды музыка тыңдау, кітап оқу, душ қабылдау, медитация, ароматерапия, т.с.с.

Ал мына әдеттерден арылу керек:

шалқалап (арқамен) ұйықтау әдетінен бас тарту қажет;

ұйқыдан бір сағат бұрын гаджеттерді пайдаланбаңыз;

жатын бөлмеде немесе төсекте жатып жұмыс істемеген жөн;

сағат 15:00-ден кейін 90 минуттан артық ұйықтамауға тырысыңыз;

ұйықтар алдында ауыр кешкі ас, алкоголь, темекі және кофеиннен бас тартыңыз.

 

Дереккөз: style.rbc.ru