ДАМУ

Кеңестік дәуір құлаған тұста Қонаев пен Нұрқаділов не туралы сөйлесті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеңістік кезеңде қазақ елін басқарған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты білмейтін, құрметтемейтін адам кем де кем. Жақсының аты қалады деген жақсы сөз бар. Bugin.kz порталы қаламы қарымды журналист Бекен Нұрахметовтың аңыз адам туралы әңгімесін ұсынады.

Димаш ағамен кездескеннен кейін көп ұзамай Кеңес өкіметі құлады. Заманның өзгеруіне байланысты іле-шала капитализм элементтері бой көрсетіп, нарық заңдары өз үстемдігін жүргізе бастады.

Содан кейін «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегендей, адамдардың психологиясы да күрт өзгерді. Көкжиектен жаңа өмірге жылдам бейімделген «жаңа қазақтардың» сұлбасы көптеп көрініс берді.

Олардың ішіндегі кейбір пысықтарының ниеттері Димаш аға тәрбиелеген азаматтардың психологиясымен мүлде сәйкес келмейтін еді. Содан кейін жаппай жекешелендіру басталды. Жекешелендіру кезінде тамыр-таныстық пен жемқорлық індеті де белең алды.

Бір кездері Димаш ағаның бастауымен бүкіл ел болып салдырған кәсіпорындар мен небір сәулетті ғимараттар шетелдік алпауыттар мен «жаңа қазақтардың» иелігіне өте бастады.

Тіпті, жемтікке ұмтылған құзғындардай шүйліккендері сонша, балабақша мен мәдениет үйлеріне дейін талапайға түсірді. «Балалардың болашағы не болады» деген сұрақтар да жауапсыз қала берді. Сөйтіп, ұлттық мүддені сақтағаннан гөрі, материалдық құндылықтарды қарпып қалуға деген жанталас өрши түсті.

Сол кезде өзін мазалап жүрген мәселелер бойынша Димаш аға Алматы қаласының әкімі болған марқұм Заманбек Нұрқаділовке телефон соғыпты. Осы орайда оқырманға түсінікті болу үшін Заманбек Нұрқаділовтың «Не только о себе» атты кітабынан үзінді келтіре кеткенді жөн көрдім:

«Как-то поздней осенью 92-го года мне позвонил Димаш Ахмедович. Он был – чувствовалось по голосу – заметно расстроен. Говорил тихо, делая паузы, размышляя вслух.

– Заманбек, ты в курсе того, что во дворце школьников, сосвятилище детства устраиваются банкеты, юбилеи, празднуется свадьбы новых богатеев? Даже устраиваются, говорят, орги? Я то был в курсе.

– Да, Димаш Ахмедович, я знаю. Но дело все в том, что…

Димекең остановил меня.

– Мне известен наперед все твои доводы. Что городских денег на содержание дворца нет, потому и приходится сдавать в аренду помещения коммерсантам… Но скажи на милость, куда мы идем? Что будет с нашими детьми?

Что я мог сказать Димашу Ахмедовичу? Ответа на эти вопросы я не знал. Не знаю и сегодня»…