Әлем

600 адамды жер жастандырған: Украинадағы соғыс туралы тың ақпарат шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина әскері өткен тәулікте жаудың 10 елдімекеніне шабуылын тоқтатып, тағы 600 басқыншының көзін жойған. Бұл туралы «Украинская правда» мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Украин сарбаздары 600 ресейлікті жер жастандырып, 9 артиллерия жүйесі мен 5 танктің тас-талқанын шығарған. Осымен ресейліктер соғыс басталғалы бері 120 мыңнан аса адамынан айырылып отыр.

«Украина Қарулы күштері 21 қаңтарда күні бойына жаудың 10 елдімекен ауданындағы шабуылдарын қайтарды» делінген бас штабтың хабарламасында.

Онда сондай-ақ Ресей әскерінің бір рет ракетадан және 27 сапар авиациядан соққы бергендері атап көрсетілген. Ресейліктер сол сияқты дүркін отты реактивті жүйеден 55 мәрте атқылаған.

Ресей басқыншыларының Авдеевка және Лиман бағыттарындағы шабуылдары түгелдей сәтсіз аяқталды. Жау Бахмут бағытындағы жорық жосынын күшейту үшін авиацияның қолдауына сүйеніп, нөпірді арттыруға әрекет етіп жатыр. Ал басқа бағыттарда украин күштерінің тегеурінінен қаймығып, біржақты қорғанысқа көшіп кеткен.

Өткен тәулікте Украина армиясының бөлімшелері басқыншылардың Луганск облысындағы Новоселовское, Донецк облысындағы Терны, Серебрянское лесничество, Верхнекаменское, Белогоровка, Красная Гора, Бахмут, Первомайское, Марьинка және Победа елдімекендерінде шабуылдарын қайтарды.

Украина Қарулы күштерінің бас штабы 2022 жылғы 24 ақпаннан 2023 жылғы 22 қаңтарға дейін Ресей оккупациялық армиясының шамамен мынадай жалпы шығынға ұшырағанын атап көрсетті:

жеке құрам (адам саны) – 120 760,

танктер – 3 145,

бронды соғыс машиналары – 6 268,

артиллериялық жүйе – 2 144,

РСЗО – 445,

әуе қорғаныс жүйесінің құралдары – 220,

ұшақтар – 287,

тікұшақтар – 277,

БПЛА (дрондар) – 1 892,

қанатты ракеталар – 749,

кемелер / катерлер – 17,

автомобильдер мен автоцистерналар – 4 932,

арнайы техникалар – 193.

Мәліметтер тексеріліп жатыр.