Bugin

Алматыда көлік ұрлаған жігіт ұсталып қалып, өзін пышақтап тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда көлік ұрлаған ер адам полицейлер ұстаған кезде өзін пышақтап тастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде ер адам қансырап жерде жатқан видео тарады. Оны полиция қызметкерлері ұстаған. Ал тағы бір видеода ер адам ес-түссіз жатыр.

Алматы полициясы өкілдерінің сөзінше, ер адам оның Daewoo маркалы көлігін біреу айдап әкеткені туралы хабар берген. Хабарласқан адамның сөзінше, ол күдіктіні аңдып, артынан жүрген.

Ер адамға көмекке полицейлер келген. Күдікті қашып бара жатып өзін пышақтаған. Ол медициналық көмек көрсетілуі үшін қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

«Істің мән-жайын анықтау барысында ер адам өзгенің көлігін Ақсай шағынауданында ұрлағаны белгілі болды. Сол жерде жол апатына да түскен. Көлік иесі жаяу жүріп, күдіктіні қуып жетпек болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы науқас №7 Қалалық клиникалық ауруханаға мойын және іш аймағындағы жарақатпен ауыр халде түскенін хабарлады. Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша, науқасқа ота жасалып жатыр.