Bugin

Абай облысында түрмедегі қызымен байланысы үзілген ана өлі күйінде табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері тұтқынның анасын табуға көмектесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алайда қыздың анасы қайтыс болған екен.

Абай облысы колонияларының бірінде жазасын өтеп жатқан қыз үнемі анасымен телефон арқылы сөйлескен. Бірақ кенеттен әйел хабарсыз қалған.

«Бізге сотталған адам келіп, телефон арқылы анасымен байланыса алмағанын айтты. Оның анасы мүгедек екен, сонымен қатар жалғыз тұрады. Біз дереу оның анасы тұратын Шемонаиха ауданындағы әріптестерімізбен хабарласып, мекенжайын тексеруін сұрадық. № 18 мекеме қызметкерлері учаскелік офицермен бірге үйіне келгенде, есік құлыптаулы болып, ешкім ашпаған. Қызметкерлер есікті бұзып кірген. Олар төсектен әйелдің денесін тапты», - деп түсіндірді мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Ернат Байжүменов.

Медицина сараптамасы көрсеткендей, әйел пештің ысына тұншығып қалған. Колония қызметкерлері қызға анасының қайтыс болғаны туралы хабарлады. Жалғызбасты әйелді жерлеуді ұйымдастырып берді.