Жөтел тыныс алу жүйесi ауруларының ең жиi кездесетiн белгiлерiнiң бiрi. Жөтел өкпе қабынуы, туберкулез, тыныс жолының (көмекей, кеңiрдек, т. б.) қабынуы кезiнде, сондай-ақ тыныс жолдарына шаң-тозаң, улы газ, темекi түтiнi енгенде, суға шашалғанда, негiзiнен, тыныс органдарының iшкi қабатына орналасқан сезiмтал жүйке талшықтарының тiтiркенуiнен болады. Жөтел кезiнде тыныс жолдарына жиналған қақырық сыртқа шығады.
Жөтел қақырықты және қақырықсыз, жиi және қатты деген бiрнеше түрге бөлiнедi.
Қақырықты жөтел бронхит (тыныс жолдарының қабынып қызаруы), пневмониямен (өкпе қабынуы) ауырғандарда болса, ал қақырықсыз жөтел фарингит (жұтқыншақтың қабынуы), трахеит (кеңiрдектiң iшкi кiлегей қабығының қабынуы), ларингит (көмейдiң талаурауы, тамақ қарлығу) аурулары кезiнде болады.
Жиi және қатты жөтел кезiнде кеудеге шаншу қадалып, адамның тынысы тарылып, ұйықтай алмай қиналады.
Жөтелдi тоқтату үшiн алдымен соған себеп болған негiзгi ауруды емдейдi және оны тоқтатуға көмектесетiн