Денсаулық

Остеохондроз жазылатын ауру ма?

Омыртқаңыз ауыра бастаса...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл тақырып егде жастағылар түгiлiжастарды да елең еткiзетiн тақырыпқа айналғалы қашан?! Өйткенi арқамойынбел ауруларымен үлкендер тұрмақ жастар да шағымданады.Арқасымойныбелi ауырсамассаж жасатып жеңiлдеп қалатындар жоқ емесДесек тебелгiсi бiлiнбей келген ауруды асқындырып алудан абай болыңызЖалпы остеохондроз ауруы жайлыодан жазылудың жолдары туралы арнайы маманның пiкiрiн бiлген артық болмайды.
Бұл сұрағымызға Түркістан облысыШымкент қаласындағы №6 емхананың терапевт дәрiгерi Жусипова Динара Бекболатқызы жауап бередi:
– Арқамойын ауруын тудыратын басты себептер қандай?
– Бiзге келетiн науқастардың басым бөлiгi арқасыныңбелiнiң немесе мойнының ауыратынын айтып шағымданадыҚалай ауыратынын сұрасақ, «жауырыным ауырады», «желкем тартылады» деп жауап бередiөкiнiшке орай мұндай сырқаттардың белгiсi жастарда да бiлiне бастаудаСондықтан да бұл аурудың алдын алыпемдеу шараларын тұрақты жүргiзу дәрiгерлердiң басты мiндетi.
Арқаның ашып ауыруыжауырынның тартылуыжелкесiнiң құрысуы сынды арқаға тән ауру бiр емес бiрнеше себептерден пайда боладыОны медицина тiлiмен остеохондроз деп атайды.
Ересектер арасында бел омыртқаның зақымдануыяғни радикулит жиi кездеседiАлғашқы белгiсi белдiң ауруыБұл күтпеген жерде кенеттен ұстап қаладыБел бұлшық еттерiнiң бiрден қатты жиырылыпшымырланып қалуынан белiңiз ауырадыАуру ұзаққа созылғанда ауыратын нүктенi табу қиынБұндай кезде арқаны тiк ұстау керексол кезде омыртқа жотасы жамбас сүйекке қатты кiрiгедi де оның арасындағы сақиналы дөңгелектерге күш бiрдей түседiСонда ешқандай қолайсыз әрекеттерге жол берiлмейдiАурудан айығудың ең тиiмдi жолы – дене жаттығуларын жасапкөбiрек суда жүзу керек.
Бұл аурудың белең алуының бiрнеше себептерi барТiптi әйелдердiң үнемi биiк өкшелi аяқ киiм киюi де осы дертке алып келедi.
Аурудың алдын алу үшiн:
Бiрiншiден дұрыс отыруды үйренген жөнКеңседетеледидаркомпьютер алдында отырғанда еңсенi тiк ұстаңызомыртқаның қисаюына жол беруге болмайдыАра-арасында иықтарыңызды қозғалысқа келтiрiпқимылдап қойғаңыңыз жөнЖүргенде де бүкiреймейиықтарды тең ұстауға мән беру керекАл таңертең жаттығу жасауға үлгере алмасаңыз ештеңе етпейдiОны кешке жатар алдында жасаңызБұл жерде мәселе омыртқаның жаттығуына қатысты болғандықтан оны тек таңертең жасау керек деген қатаң қағида жоқ.
Бұл ауру жасқа байланысты асқындай бередiКөп қимылдапкөп жүретiндерде бұл дерт сезiлмейдiал қозғалыс азайған сайын ауру да қоза бастайдыСондықтан да көбiрек қимылдапдене жаттығуларын жиi жасап тұруға тырысыңыз.
Кез-келген ауыр жұмысты дем шығарып жасасақан қысымы көтерiлмейдiСондай-ақкүнiне 2 литр су iшкен пайдалыБұл қою қанды сұйылтадыбұлшық еттердiң серпiмдiлiгiн сақтайды.
Арқа ауруларының алдын алу үшiн:
1Басыңызға үнемi аласа жастық жастаңызол омыртқның қсаюына жол бермейдiбасқа баратын тамырды тарылтпайды;
2Төсегiңiз қатты болуын қадағалаңыз;
3Ешқашан ауыр зат көтермеңiз;
4Отырғанда датұрғанда да омыртқа жотасын тiк ұстауға әдеттенiңiз;
5Басты салбыратпайтiк ұстап жүруге дағдыланыңыз;
6Көбiрек қимылдапдене жаттығуларымен айналысыңыз.
Арқа аурулары созылмалы сырқат түрiне жататындықтанденсаулығы сыр берген адамдар дер кезiнде дәрiгерге қаралғаны жөнЕмдеудi неғұрлым ерте бастасааурудан айығу да соғұрлым жеңiл боладыОмыртқабел ауруларын басатын арнайы жақпа майлар мен гельдердi алыппайдалануларына боладыАйта кетерлiк жайтарқадағы ауру аяққа түссе ол өте қауiптiМұның соңы адамның сал болып қалуына әкелуi мүмкiнСол себептi осындай жағдайға тап болған азаматтар салғырттыққа салынбайбiрден ауруханаға келiпемделулерi тиiсОсы кеңестердi жадыңыздан шығармасаңызаурудың алдын алатыныңызға сенiңiз.
Ауруды емдеу үшiн:
Бұл ауруды бүгiнгi таңда терапевт дәрiгер қарайдыЕгер асқынған түрiнде болсаневропатолог дәрiгерiне жолдаймызБүгiнде бұл сырқатты емдеу үшiн түрлi әдiс-тәсiлдер қолданылып келедiАлдымен науқастарға диагностика жасалыпрентгенге омыртқасын түсiруге жiберемiзСодан кейiн сырқатының жеңiл немесе ауырлығына байланысты емдеу шараларын белгiлейдiСырқаттың жеңiл түрлерiне сақтану емi қолданыладыНақтырақ айтқанданауқастар дәрi мен физиотерапиялық емге жүгiнедiАл асқынған ауруға шұғыл ем тағайындаладыОл хирургиялық жолмен жүзеге асады.
Остеохондрозды анықтауға МРТ (магнитно-резонансная томографияқолайлыБұл аппарат шемiршекжұмсақ еттердегi өзгерiстердi жақсы көрсетедiАл компьютерлiк томография соққыжарақат алған науқастарға тиiмдiрек.
– Арқамойын ауруы тұқым қуалай ма?
– ЖоқОл тұқым қуалайтын ауру емесОны адамдар өзiне дұрыс күтiм жасамағаннансалауатты өмiр салтын дұрыс жүргiзбегенненқимыл-қозғалыстың аздығынан және дене жаттығуларын жасамағаннан болады.
– Арқамойын ауруының көңiл-күйге әсерi қандай?
– Ең қиыныарқа аурулары адамда елеусiз басталадыБiртiндеп жауырынның ашуы үдепол желкенiң тартылуынаодан бастың қысып ауруына жол ашадыМұндайда адамның көңiл күйi нашарлапашуланшақ боладыӨйткенi арқа аурулары неврологиялық дертке жатадыОл бiртiндеп адамның белiнбасынаяғынқолынбүйрегiнөзге де iшкi ағзаларын ауруға ұшыратуы мүмкiнОмыртқа аралық нервтер зақымдалыпбасқа әсер етедiСоның салдарынан депрессияға шалдығадыОндай жағдайда невропатолог дәрiгерлер емдейдi.