МӘДЕНИЕТ

Әйгілі Хюррем жайлы шындық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арада бірнеше жүз жыл өтсе де, адамдардың бұл жұмбақ әйелге деген қызығушылығы сейілмеуде.

Тарихшылар әлі күнге дейін Александра Анастасия Лисовсканың ұлты кім болғаны туралы дауласады. Біреулер – орыс, басқалары – поляк, біразы – украин дейді. Ең көп таралған нұсқасы: қыздың есімі Анастасия Лисовская, ал оның әкесі сол кезде поляк мемлекетінің қамыты астында болған Рогатин қаласының православиелік діни қызметкері болды.  Бұл рас па, жоқ па, нақты белгісіз. Бірақ мұндай болжам атақты ханым неліктен жас кезінен білім алғанын түсіндіреді. Сірә, өзі оқымысты адам болған діни қызметкер өз білімін балаларға беруге тырысса керек.

Тарихшылар қыздың гаремге қалай түскенін нақты анықтаған жоқ. Бірақ, ең көп таралған нұсқалардың біріне сәйкес, Роксолана құл базарында сұлтанға сыйлық ретінде сатып алынған. Ондай шаш түсі мен славяндық келбеті бар қыздарды сирек кездестіруге болады.

Сондай-ақ Хюрремді батыс елдерінде Роксолана деп атайды. Көп ұзамай Роксалана патшадан  "көңілді, қуаныш әкеледі"  дегенді білдіретін Хюррем деген жаңа есім алды. 

Әділдік үшін айта кету керек, ешкім Роксолананы өте әдемі әйел ретінде сипаттамаған, оның сыртқы келбеті тартымды болғанымен, хас сұлу деп айту қиын болан. Түрік сұлтанын славян қызы несімен сиқырлады дейсіз ғой? Сүлеймен патша ерік-жігері мықты, ақылды, нәзік және білімді әйелдерді жақсы көретін. Ал оның ақылы да, даналығы да ерекше еді

Гаремге енді ғана кірген бойжеткен бес еуропалық тілде сөйлеп, Гомерді түпнұсқада оқи алатын болған. Ал Түркияда тағы үшеуін - түрік, араб және парсы тілін үйренеді. Ол кітаптарды оқып қана қоймай, сонымен қатар сүйіктісіне арнап өлең жазатын болған. Александра Анастасия Лисовскамен сұлтан өнерден саясатқа дейін кез келген тақырыпты талқылай алады. Ол жай ғана қожайын емес, сенімді адам болды және кәнизактардың арасында бұған қабілетті басқа әйелдер болмайды.

Хюррем өз позициясын нығайту үшін бәрін жасады. Ол сұлтанға төрт ұл туып, мұрагердің анасы болды. Сүлейменнің алдыңғы үш ұлынан тек біреуі, алты жасар Мұстафа аман қалды. Бұл әулетке қауіп төндірді. Ол сұрапыл заманда бала кез келген сәтте аурудан немесе оқыс жағдайда қайтыс болуы мүмкін еді. Айтпақшы, барлық кәнизактар ​​балаларымен бірге әдетте мұрагерлерді өсіру үшін басқа жақтарға жіберілді. Ал Хюррем Сүлейменмен бірге қалған әйелдердің біріншісі болды.

Негізі Хюррем өте қатыгез болған. Телехикаясында көрсетілмегенімен шын мәнінде Александра  хасеки-сұлтан, яғни сұлтанның заңды әйелі болған кезде, қарсыластарынан өте қатыгездікпен құтылды. Көбінесе ол өзіне қарсы болған қыздарды өлтіреді. Әсіресе азаптау көп кездескен әдіс әйелді улы жылан мен ашулы мысықпен бірге былғары сөмкеге салатын болған. Содан кейін жануарларды босатып, ішіне тас салуды бұйырады, онымен ішінде адам бар қапшық Босфорға лақтырылады.