Bugin

"Мәйіті көліктен табылған": Ақтөбеде әкімдік қызметкерін кім пышақтап өлтіргені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметкерін такси жүргізушісі пышақтап өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК  арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбеде жоғалып кеткен облыс әкімдігі қызметкерінің денесі табылды. 46 жастағы әйелді такси жүргізушісі пышақтап өлтірген.

"Жанна Мұратқалиеваның жоғалып кеткенін айтып жақындары осыдан үш күн бұрын іздеу жариялаған. Кейін ол отырған көліктің иесі ұсталды. Мәдениет басқармасы бас маманының мәйіті сол көліктен табылған. 29 жастағы күдікті оны аяусыз ұрып-соғып пышақтапты. Қазір ол қамауда отыр" делінген ақпаратта.

Күдіктінің мұндай жауыздыққа неліктен барғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

"Көлігінде пышақпен жарақаттаған зорлық белгілері бар. Жоғалған әйелдің мәйіті табылды. ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы, кісі өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оның айтуынша, қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынған.