Bugin
Қостанай облысында бұрын жасалған ауыр қылмыс ашылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
23 ақпанда Қостанай облысы полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын ағасын төрт айдан бері көрмегенін айтып арызданған. Қоңырауларға жауап бермейді, қайда екені белгісіз болған.
Сонымен, тергеу тобы тұрғылықты жерінен із-түзсіз жоғалған 50 жастағы ер адамның мәйітін зорлықпен жасалған өлім белгілерімен тапты.
Жәбірленушінің 51 жастағы әйелі ұсталды. Бірақ ол ұазіргі уақытта жөнсіз мінез-құлық салдарынан психиатриялық ауруханада жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі "Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.