Bugin
Бүгін – алғыс айту күні. 2016 жылдың 14 қаңтарында 1 наурыз Қазақстанда ресми түрде Алғыс айту күні деп жарияланды. Осыдан 28 жыл бұрын 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанын ескерсек, Алғыс айту күнінің неліктен дәл осы күні тойланатынын түсінуге негіз бар. Бүгін азаматтардың бір-біріне құрмет көрсетіп, алғыс айтатын мереке.
Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. Тарих парақтарына үңілер болсақ, Қазақстанның мұндай көпұлтты ел болып қалыптасуына өзге ұлт өкілдерінің қазақ топырағына жер аударылып келуі мен бейбіт халықтың Отарлау саясаты күшейе түскен жылдары Қазақстан жеріне 4 миллионға жуық орыстан бөлек, украин, өзбек, қырғыз, белорус, балқар, шешендер мен ингуштар, 34 мыңнан астам поляк, 100 мыңнан астам кәрістер күштеп ұжымдастырылды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес режимі батыс шекарадағы халықтарды «сатқындық жасауы мүмкін» деген жаламен күштеп көшіре бастады. Бұдан бөлек Қиыр Шығыстағы азғантай корей диаспорасын да айдауға салды. Осы кезде қазақ даласына түрлі ұлттарды жаппай күштеп көшіру басталды.
1946 жылы Кеңес одағында жер аударылған халықтардың жалпы саны 2,5 миллионға жеткен. Кейбір деректерде үш миллионға жуықтаған деп көрсетіледі. Ал осының ішінде Қазақстан аумағына жер аударылғандары 1 миллион 200 мың адам екен. Алайда құжаттарға сүйеніп елімізге көшірілген халықтың нақты санын айту өте қиын. Себебі қоныс аударушыларды әр ай сайын қайта тіркеу, оның ішінде жаңадан қосылғандармен араластырып тіркеу, бір отбасын басқа жерге қайта көшіріп жіберу, туыстардың бөлініп кетуі, кейбір отбасының қайта қосылуы секілді жағдайлар өте көп кездесетін еді. Әр жылдары 800 мыңдай неміс, 102 мың поляк, Солтүстік Кавказ халықтарының 550 мың өкілдері, Қиыр Шығыстан 18,5 мың корей отбасы жер аударып, көшіп келуге мәжбүр болған деген деректер бар. Жер аударылғандар қазақ даласында көбіне егін шаруашылығымен, мал өсірумен айналысты. Кейін барлық өнеркәсіп саласына атсалысты. Бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасының дамуына мол үлес қосты.
Тек 1957 жылы күштеп жер аударылған халықтардың өз отандарына қайтуына рұқсат берілді. Дегенмен, олардың басым бөлігі қазақ жерінен кетпеуге шешім қабылдады. Кавказ халықтары мен немістерге, түріктерге ғана өз жерлеріне қайтуға мүмкіндік берілмеді. Жер аударылғандар Сталиннің өлімінен кейінгі "Хрущевтің жылымығы" жылдарында жағдай өзгерді. Осы кезде күштеп қоныс аударылған халықтардың қазақ жерінде туып-өскен жаңа буыны өсіп, өркендеді, олар әр салада кәсіп етті. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де Қазақстанды өз отаны санайтын ұрпақ ел үшін қызмет етіп жатыр.